Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 5 бала көз жұмған өрттің мән-жайы: Өрт сөндірушілерді көршілері шақырған

Астанада ақпанның 3-нен 4-іне қараған түні өрт туралы хабар келіп түсті. Бес бала қаза болған өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Өрт сөндірушілерге көршілері хабарласты. 7 минутта өрт сөндірушілер оқиға орнына жетті. Жеке меншік үйдің аумағындағы бөлек салынған үй 30 метр шаршы аумаққа дейін өртенген. Өрт сөндіру кезінде бес баланың денесі табылды. 

Өрттің шығу себебін өрт сөндіру қызметінің лабораторисы зерттеп жатыр.

Төтенше жағдайлар департаменті өрт болған аумақта қауіпсіздікке қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді.

Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды сақ болуға шақырады.

“Өз бетіңізше өз қолыңыздан жасалған тоқ заттарын пайдаланбаңыздар. Үш айда бір рет және от жағу маусымы алдында пеш пен түтін шығу жолдарын тазалау керек. От жанған пешті қараусыз қалдыруға болмайды. Әсіресе, балаларды жалғыз қалдырмаңыздар. От маңына жанғыш заттар қалдырмаңыз. Пешке жақын жерге заттарыңызды кептірмеңіздер. Балалары ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыздар”, – дейді департаменттегілер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау