Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 23 жастағы полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

Астанада адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Астанада 23 жастағы полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды

«4 қыркүйекте түнгі сағат 23:00 шамасында Түркістан көшесінде орын алған ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Dodge Challennger автокөлігінің жүргізушісі Түркістан көшесімен келе жатып, рөлді басқара алмай қалып, жолдың жиегіне соғылған. Мұнан кейін көлік аударылып, көшені жарықтандыру бағанасына соғылған. Артынша автокөлік өртке оранған», – делінеді хабарламада.

ІІД мәліметінше, апат салдарынан Астана ІІД жергілікті полиция қызметінің 23 жастағы қызметкері оқиға орнында көз жұмған. Ол көлікте жолаушы ретінде отырған.

«Жүргізуші дене жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар елордалық ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасымен қызметтік тексеріс жүргізілуде», – дейді ІІД-дегілер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау