Астанада 23 жастағы медуниверситет студенті жоғалып кетті

Әлеуметтік желіде Астана медициналық университетінің 23 жастағы студенті Ерасыл Әубәкіровтің жоғалып кеткені жайлы ақпарат таралуда.

ерасыл Аубакиров

Бұл туралы stan.kz  сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«3 ақпанда сағат 18.00-де үйден (Сарыарқа-Сейфуллин) өз айтуымен «жұмыстары бойынша» (жұмыс, бойжеткен, достары емес) шыққан. Бәрін тексердік. Бағыты – сол жағалау. Үйге қайтып оралмады. Телефоны сөндірулі. 4 ақпанда университетке сабаққа бармаған. Емтихан болса да! (…) Ол дайындалып жүрді!» – делінген Facebook-та жарияланған хабарламада.

Ерасыл қошқыл-көк түсті қысқы күрте, қоңыр түсті құлақшын киген. Бойы шамамен – 175-180. Салмағы 70-75 келі. Дене бітімі шымыр.

«Ерасыл – Астана медициналық университетінің 6-курс студенті. Интерн-хирург. Үздік! Әнші! Белсенді! Аға! Дос! Ашық-жарқын! Жауапты! Қарапайым! Тәрбиелі! Темекі шекпейді! Ішімдік ішпейді! Діни ағымдармен және т.б. байланысы жоқ. Жоғалып кетті. Табуға көмектесіңіздерші! Өтініш!» – деп Ерасылдың досы Диас жазды.

Ол туралы қандай да бір ақпарат білетіндер болса: 8 747 024 81 29 (Ерасылдың әкесі) және 8 707 143 94 25 (Диас) телефондарына хабарласуды сұрайды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
27.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар