Астанада қаңғыбас ер адам қардан жүрек жасап жүргіншілерді қуантуға тырысып жүреді

Дүйсенбі, 9 Қаңтар , 2017 23:11

Астана ақ қалаға айналды. Елорда да биыл бұрын-соңды болмаған рекордтық мөлшердегі қар жауды. Синоптиктер мұндай қалың ақ ұлпа елорда да соңғы 10 жылда жаумағанын айтып отыр.

сердца1001

Бұл туралы Евразия арнасы хабарлайды.

Қазіргі кезде ақ қарға көмілген бас қаланы тазарту үшін коммуналдық және жедел қызметтердің барлық күштері жұмылдырылған. Ең алдымен әлеуметтік маңызды нысандардың аймақтары тазартылды. Нақтырақ айтсақ, 2100-ден астам арнайы техникамен 2700-дей адам қарды тазартуға жанталасуда. Жалпы, өткен жылға тоқталсақ, мәселен, 2016-2017 жылдары қар полигондарына 2 миллион текше метр ақ ұлпа шығарылыпты. Яғни, салыстырмалы түрде биыл түскен қардың көлемі — бірнеше есеге асып түсіп тұр.

Александр Гомонов көбіне Саша деген атымен таныс. Ол жүргіншілерді шаттыққа бөлеу үшін қардан жүрек жасап қояды.

Ол өткен өмірінде 6 рет істі болған. Соның салдарынан қазір мүлде жалғыз қалды. Ата-анасы мен ағасы қайтыс болған. Ал 13 жастағы ұлымен кездесе алмайды.

“Соңғы рет ұлымның мектебіне бардым. Сыныбында 21 оқушы бар екенін білем. Әрқайсысына банан, алма, конфет сынды тәтілер алып барып көңіл-күйлерін көтердім”, – дейді ол.

Әкесінен қалған үйге ол бара алмайды. Сотталғандықтан далада қалды. Арнайы орталыққа барып түнелтеді.

“Жақсы адамдар бар. Қашан барсам да, есігі әрқашан ашық. Иесіне 500 теңге беріп қоям. Өйткені, ешкімге масыл болғым келмейді”, – дейді Гомонов.

Қазір Александр көше тазалығымен айналысады. Күн сайын тамақ берсе екен деп тілейді.
78 жастағы Саша ағай омыртқасы ауыратынын айтады. Сондықтан кішкентай сыпыртқымен, күрекпен жұмыс істейді.

Биылғы Жаңа жылды да ол Астананың қарлы күнінде қарсы алды. Ол басына баспана табылмасаса да, баласын тағы бір көруді армандайды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар