«Астана» велошабандозы «Швейцария турының» жеңімпазы болды
«Астана» велошабандозы Мигель Анхель Лопес «Швейцария турының» жеңімпазы болды.

Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.
Финалдық кезеңде мәре сызығын алғашқы болып колумбиялық «IAM» шабандозы Харлинсон Пантано кесті, екінші болып ресейлік«Катюшадан» Сергей Чернецки келді. Үшінші нәтиже -«Movistar».клубынан испандық Ион Исагирреде.
Жалпы есептегі жеңімпаз Мигель Анхель Лопес кезеңді төртінші нәтижемен аяқтады. «Астананың» қалған шабандоздарының нәтижелері мынадай: Алессандро Ванотти – 75-ші, Микеле Скарпони – 76-шы, Лоуренс де Вриз – 99-шы, Гатис Смукулис – 121-ші, Давиде Малакарне – 123-ші.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі