Астана тұрғыны жануарларды паналату үшін зәулім үйін босатып берді

Жұма, 21 Қазан , 2016 14:59

Астана тұрғыны қаңғыбас жануарларды паналату үшін өзінің хан сарайындай үйін босатып берген. Үйдің қожайыны Бақтыгүл Жұмабекова бұл әрекетінің еш ерсілігі жоқ деп санайды.

photo_30907

Бұл туралы tengrinews.kz хабарлайды.

Өмір бойы жануарларға деген махаббаты ерекше болған ол осындай ізгілік көрсетуді армандапты. Қазір зәулім үйде 200 жануар мекен етуде. Арасында ит, мысықтармен бірге тіпті түлкі де бар. Үй жануары болып үйренісіп қалғандықтан ба, мұнда мысықтардың мысы басым секілді көрінеді. Үйдегі ең үлкен бөлме де соларға тиесілі.

photo_30849

Барлық жануарларға арнап арнайы тор құрастырылған. Мұндағы мысықтардың көбісі далада жүргендіктен әбден арып-ашып, қажыған. Адамдардан зәбір көргендері де бар екен.

Бақтыгүлдің өзі Астанаға жақын маңдағы Қосшы ауылында тұрады. Екі жыл бұрын осы үйді 204 мың долларға сатып алған кезде-ақ, мұны жануарлар баспанасы етуді ойлапты. Ал қазір мұнда Меруерт, Елена есімді мамандар қызмет етеді.

photo_30873

Желі қолданушылары болса, Бақтыгүлдің әрекетіне қолдау білдірген. Тіпті азық-түлік пен басқа да көмек көрсететіндіктерін айтқан адамдардың да саны біршама.

Оқи отырыңыз:

Мұғалім әйел оқушыларға анатомия сабағын түсіндіру үшін шешініп тастады (видео)

Астанадағы “Дастарқан” асханасында бүтіндей бiр отбасы уланып қалды

Ұлттық нақыштағы бейнебаян! Динара Сұлтан халық әндерін насихаттауда (видео)

Майғазиев тағы да балалы болуды армандап жүр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
1 ай 11 күні кері

патерсиз журген адамдарга бермима жындыма куад осы адамдар

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
03.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар