Астана тұрғыны мейрамханадан 44 мыңға тамақ алып ішіп төлемей қойған

Бейсенбі, 27 Қазан , 2016 14:55

Ішіп алған ер кісі мейрамханада ақша төлеуден бас тартқан. Мейрамхана қарызды өндіріп алу үшін сотқа жүгінген.

restoran
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Елордалық мейрамханаға клиенттің төлемеген есебін өндіріп алу үшін сотқа жүгінуіне тура келді.  “Ішімдік ішіп алған ер кісі елордалық мейрамханада ішкен асы үшін ақша төлеуден бас тартқан. Мейрамханаға келушінің тапсырыс сомасы 44 405 теңгені құраған. Ол төленетін шотпен расталған”, — делінген Астана қаласы сотының хабарламасында.

Соттың баспасөз қызметі атап көрсеткендей, мейрамхана менеджерінің бірнеше рет есеп бойынша төлем жаса деген талабы сәтсіз болған. Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты талап арызды қанағаттандырып, жауап берушіден шағымданушының пайдасына қарыз сомасын өндірді. Сот шешімі заң күшіне енді.

Жіберіп алмаңыз:

Павлодарда таяқ жеген сәби анасынан айырылғысы келмеді

16 рет түсік тастап дүниеге сәби әкелген ана 1 жылдан кейін одан айырылып қалды (фото)

130 жастағы мұсылман әже 450 шөбере тәрбиелеп отыр

Ер адам сүйіктісінің маңдайына өз есімін жаздыруды талап еткен (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар