Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана тұрғыны үйіне іздеуде жүрген қылмыскердің қалай тіркелгенін білмей дал

Астана тұрғыны үйіне белгісіз ер адамның тіркелгенін естіп таңғалды. Ер адам іздеуде жүрген қылмыскер болып шықты. Екі айдан бері оны рұқсатсыз үйіне кімнің тіркегенін біле алар емес.

Шенеуніктер уәде бергендей үй иелеріне пәтерінде қанша адам тіркелгені жөнінде анықтама алу мүмкіндігі болмай тұр. Бұл қызметті мемлекеттік органдар 6 жыл бұрын жапқан.

Астана тұрғыны Диляраның ата-анасы пәтерді 1999 жылы сатып алған. Үйге тек туыстары тіркелген, деп хабарлайды Евразия арнасы.

Бірнеше жыл бұрын өзі мен баласының тіркелгеніне көз жеткізген. Алайда коммуналдық қызмет төлемі жөнінде оның үйіне өзге ер адамның атына түбіртек келген.

Кейін анықтағанда белгісіз ер адамның 2007 жылдан бері оның пәтерінде тіркеуде тұрғаны белгілі болды.

«Қылмыстық іздеу басшысы келіп, ер адамның ұрлық бойынша іздестіріліп жатқанын айтты», – дейді Диляра Саврук.

Екі ай уақыт өткенімен Диляра үйіне ер адамның қалай тіркелгенін, кімнің тікелгенін біле алар емес.

«Іздеуде жүрген адам қалайша біреудің үйіне жазылады. Менің мекен-жайымды біледі. Оны танымаймыз. Ол тек тіркеліп қана қоймаған деген күмән бар», – дейді Диляра.

2012 жылдан бастап үй кітапшасы электронды түрге ауысқанымен, ешкім оның қауіпсіздігіне кепіл бере алмайды.

«Үй иесі пәтерінде адам санып анықтағанда, тек тіркелген мекен жайдағы тіркеу коды бар адамдарды ғана көре алады. Ал, коды жоқ бола тұра тіркелгендер анықтамада жазылмайды», – дейді ІІД көші-қон қызметі комитетінің арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айгүл Қаңлыбаева.

Бүгінде 5 млн қазақстандық өтініш жазып, тіркеу кодын алған. Үй кітапшасына қатысты жұмыс әлі де бірнеше жыл ішінде шешілмек.

ІІМ-де мекен жай анықтамасының жаңа түрі бір ай ішінде беріле бастайды деп отыр.

Егер адамдар пәтерге мемлекеттік қызметкерлердің заңсыз әрекеті арқылы тіркелген болса, жауапқа тартылуы тиіс.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау