Астана тұрғындары жолдан жалауша ұстап өтуге міндеттелуі мүмкін

Астанада жаяу жүргіншілер жолағын жарық шағылыстыратын жалаулармен қорғауды қолға алмақшы. Бұл туралы Астана қаласының ішкі саясат басқармасы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Астана тұрғындары жолдан жалауша ұстап өтуге міндеттелуі мүмкін

Пилоттық жоба 3 мамырда Сейфуллин көшесіндегі №2 мектеп пен №1 қалалық емхана аумағында көрсетілетін болады. Жобаның мақсаты – адамдар мен балалардың, әсіресе Астанада реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелдерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жарқын шағылысқан жалаушаларды орнату.

Бұл бастаманы әкімдік те қолдады және полиция жүзеге асырған «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» кең ауқымды жобасының іс-шаралар жоспарына енгізілді.

«Жобаның мәні – адамдар жаяу жүргіншілер жолағынан өтер кезде белгіде орнатылған қоржыннан арнайы жалаушаны алуы өтуі керек. Жолды арнайы жалаушаны ұстап өткен адамдар, оны қарсы беттегі қорапқа салып кетеді. Жарық жалаумен өткен жаяу жүргіншіні жүргізушілер бірден байқайды», – делінген хабарламада.

«Сондай-ақ, жоба үлкен инвестицияларды қажет етпейді және жалпы бюджет қаражатын үнемдеуге бағытталған», – деп атап өтті  биліктегілер.

Егер пилоттық жоба сәтті болса, Астанадағы барлық реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткеліне осы жобаны жүзеге асыруды жалғастыру жоспарланып отыр екен.

Тағы оқыңыз: 

Қауіпті селфи: Қостанайлық жасөспірімдер тоғыз қабатты ғимараттың төбесіне шығып суретке түскен (видео)

Гүл және алмаз қыры секілді: Елбасы Астанадағы жаңа мешітке барып қайтты

Енді Қазақстаннан ақша алып шығу қиын болмақ

Тоқтар Әубәкіров 40 жылдан аса отасқан орыс келіншегі туралы айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар