Отандық радиожүргізуші Әлия Жүсіпова өмірден өтті
2 желтоқсан күні ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін “Астана” радиосының жүргізушісі Әлия Жүсіпова қайтыс болды.

Бұл туралы радионың директоры Гүлмира Қаракөзова өзінің желідегі парақшасында хабарлады.
“Мұндай жазбаны жазудың өзі қиын. Бүгін түнде Әлия Жүсіпова өмірден өтті. “Астана” радиосының талантты журналисті, жақсы әйел және ана, таза, абыройлы адам…Ауыр науқас оған мүмкіндік бермеді. Әлияның жары Бауыржан мен артында балалары қалды. Иманды болсын”, – деп жазды ол.
Пікір қалдырушылар көңіл айтып, оның қандай жан болғанын жарыса жазып жатыр.
34 жастағы журналист 3 желтоқсан күні жер қойнына тапсырылған.
Оқи отырыңыз:
Алматыдағы барахолка өртке оранды
Теміртауда педофил екінші сынып оқушысының үйіне басып кіріп, оны зорламақ болған
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін