Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана полицейлері қоғамдық көліктің жаңа түрін пайдалануда (фото)

Қазақстан астанасында полицейлер сигвей тебуді меңгеріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz Астана әкімі Әсет Исекешевке сілтеме жасап.

14322411_866636706805467_4835711109197011830_n

“Астана полициясы инновацияларды қолдануда”, – деп жазды Исекешев бөліскен суретінің жазбасында.

Segway компаниясы бүкіл әлем полицейлерін самокаттың жаңа түрімен жабдықтайды. Полицейлер сигвейдің жылдамдығы мен ептілігін ерекше атап өткен. Тәртіп сақшылары сигвейлерді саябақтар мен әуежайларды күзету барысында қолданады. Нью-Йорк полициясы мұндай самокаттардың алғашқы топтамасына сонау 2007 жылы қол жеткізген.

Segway аккумулятормен жұмыс істейтін екі дөңгелекті қоғамдық көлік түрі болып табылады. Алғаш рет Segway 2001 жылы қолданысқа енгізілген. Ол әлемдегі ең төзімді қос дөңгелекті қоғамдық көлік түрі болып табылады.

Әкімнің желідегі оқырмандары таңданыстарын жасырмады.

“Супер”, “Керемет”, “Бангкок полицейлері мұндай самокаттарды 10 жыл бұрын қолданған”, “Тасты жолмен қашып бара жатқан қылмыскерді қуып жете ала ме екен?”- деп жазған желі қолданушылары сигвейдің жылдамдығының қаншаға дейін баратынын білгісі келген. Ал ендігі бір топ оқырмандар полицейлерге көлік түрімен бірге киімдерін де ауыстыруға кеңес берген. Сондай-ақ, бұл технологияның дым пайдаға аспайтынын айтып, сынағандар да табылды.

Жіберіп алмаңыз: 

Қазақстандық жас жұбайлар тойханаға көлікпен кірді (видео)

Полиция Астананың бірнеше тұрғын үйінен пәтер сатып алмауға кеңес береді

Қостанай облысында 60-қа таяған ер адам 11-12 жасар қыздарды азғындыққа итермелеген

Таразда кезекті той кортежі жұртты шошытты (видео)

Талқылау