Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Астана – Қызылорда бағытындағы пойыз қатты аяз салдарынан стансаға қайтарылды
«Астана – Қызылорда» бағытындағы пойыз қатты аяз салдарынан тоқтатылды, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

35 градус аяз салдарынан №92 «Астана -Қызылорда» хабарламасындағы пойызды Айса стансасында тоқтатып, Қарағандыға қайтару туралы шешім қабылданды. Тасымалдаушы компаниядағылардың айтуынша, жолаушылар билетін қайтарып, оған төлеген ақшасын 100 пайыз қайтарып ала алады. Ал Қызылордаға жолын жалғастырғысы келгендерге №86 «Астана-Сарыағаш» пойызымен жолға аттану ұсынылды. Тоқтатылған пойыздың жолаушылары үшін «Астана-Сарыағаш» пойызына 6 купелік вагон қосылды.
Ал қайтарылған билеттерді Қарағанды стансасында қосымша кассирлер жұмысқа тартылады.
Сонымен қатар тасмалдаушы компанияның баспасөз қызметіндегілер жолаушыларға тегін тамақ ұйымдастырылғанын айтты.
"Қазақстанға келгеніне небәрі 4-ақ жыл": Бұрынғы министр Қанат Шарлапаев туралы не белгілі және ол "Атамекенде" бизнесті қорғай ала ма
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Танымал продюсер еңбек өтілін дәлелдей алмағандықтан зейнетке шыға алмай жүр
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен