Астана-Көкшетау тас жолында көлік апаты кезінде көмекке ұмтылған жолаушының өзі ажал құшты
Ақмола облыстық ІІД “Астана-Көкшетау” тас жолында орын алып, 4 бірдей адамның өмірін жалмаған аса ірі жол апатына қатысты ресми түсініктеме берді. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

“Жол апаты нәтижесінен “Ниссан” көлігі қатты зардап шекті. Өкінішке орай, көлік ішіндегі 3 әйел де көз жұмды. Куәгерлер жүргізуші мен 3 жасар баланы сыртқа алып шыға алған. Осы жерде көмекке ұмтылған куәгердің бірін көлік қағып кетіп, қас-қағымда әлгі адам да ажал құшты”, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ал жол апатынан зардап шеккен балақай сол маңдағы ауруханаға жеткізілген. Баланың есімі Данил, анасының аты Алена екен.
Оқи отырыңыз:
Отандық радиожүргізуші Әлия Жүсіпова өмірден өтті
Алматыдағы барахолка өртке оранды
Теміртауда педофил екінші сынып оқушысының үйіне басып кіріп, оны зорламақ болған
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты