Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Астана қаласының жаңа әкімі тағайындалды
Күні кеше Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қызметінде көтеріліп, президент әкімшілігінің басшылығына келген еді. Бүгін, 11 қыркүйекте бұрынғы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов елорданың жаңа әкімі ретінде тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінің «Твиттердегі» парақшасында мәлімденді.
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалды», – делінеді хабарламада.
Айта кетсек, кеше, 10 қыркүйекте, ҚР президенті әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков президент жарлығымен қызметінен босатылды. Оның орнына президенті әкімшілігінің басшысы қызметіне Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев келді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"