Астана қаласындағы жер үсті метроның бағасы 1000 теңгеден асуы мүмкін

Астана қаласының жеңіл рельсті көлігінің жобасы автобустағы жолаушылардың санын азайтуға көмектеседі. Алайда бұндай жағдай тек жер үсті метросында жол құны басқа қоғамдық көліктердің бағасына жақын болған кезде ғана орын алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме беріп.

Астана қаласындағы жер үсті метроның бағасы 1000 теңгеден асуы мүмкін

Жер үсті метросын Астана қаласында келер жылдың соңында іске қосу жоспарлануда. Алдын ала есеп бойынша жеңіл рельсті көлік қызметімен 150 мыңнан астам жолаушылар қолданады.

Аталған көлік түрі іске қосылғаннан кейін басқа қоғамдық көліктеріне келетін жолаушылар жүктемесі азаяды. Алайда бұл болжаммен кейбір экономистер келіспей отыр.

Олардың ойынша жобаның құны 1 миллиард 600 миллион болған жағдайда жолақысы 1100 теңгені құрайды. Бұл баға астаналықтардың көбіне қолжетімсіз болып табылады. Тіпті аталған құнның жартысын төлеуге дайын емес дейді сарапшылар.

Қазір бәрі үнемдеуге мәжбүр, оның ішінде көлік те бар.  Көлікке қатысты кез келген баға көтеру наразылыққа әкеп соғады. Сондықтан халыққа арзан, қолжетімді көлік керек. Ал бұл көлік автобус бағасына сай болмайды», – дейді Рүстем Жансеитов, экономист.

Сарапшылардың ойынша бұл жоба сұранысқа аса ие болмайды, сондықтан жоба құнының ақталуы екі талай. Алайда астаналық әкімшдік дайындаған нақты есеп-қисапты көрмегендіктен алдын ала айту қиын дейді олар. Ал шенеуніктер болса әзірге бұл мәселеге қатысты тіс жармай отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар