Астана күнінде қала көшелерін топан су басты (фото, видео)
6 шілде Астана күнінде қаланы су басты. Көшелерді топан судың басып қалғаны соншалықты, көліктер құдды қайық секілді жүзгендей әсер қалдырады.

Сурет yvision.kz
Табиғаттың мейрамдағы “тосын сыйын” желі қолданушылары сурет, видео күйінде таратып жатыр.
Еске сала кетсек, 28 маусымда естен кетпес жауын жауып, Астана көшелері теңізге айналған еді. “Қазгидромет” болжауынша Астанада бір айдағы жаңбыр көлемі қалыпты нормадан асып кеткен.


Сәуір айында өткен қаланы дамытуға арналған жиын барысында президент Нұрсұлтан Назарбаев қаланың кәріз құдықтары мен жаңбырға төтеп бере алмаған қызметін сынға алған болатын.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"