«Астана» Банкінің салымшылары депозиттегі ақшасын ала алмай шағымдануда

Астана банкінің салымшысы депозиттегі  қаражатын толық пайдалана алмай отырғанын айтып, шағымданды. ата кетейік, банк 2018 жылдың 22 сәуірінен бастап 2 мамырға дейін қолма-қол ақша алуға және аударуға уақытша шектеу қойған болатын.

«Астана» Банкінің салымшылары депозиттегі ақшасын ала алмай шағымдануда

Бұл туралы TVK арнасы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ал қаржы мекемесі банк дебеттік төлем карталарын пайдалануға ешқандай шектеулер енгізбейтінін атап өтті.  Сондай-ақ, жеке тұлғалардың карталық есепшоттарындағы барлық депозиттер, ағымдағы шоттар мен қалдықтардың сақтандырылғанын еске салды.

Жылжымайтын мүлкін сатқан Гүлнар Иманқұлова «Астана» банкінің салымына 6 млн теңге салған екен. Келісімшарт бойынша салымшы кез келген уақытта салымнан ақшасын шеше алады. Дегенмен ақша қажет болған Гүлнар депозиттегі ақшасын қолдана алмай, шағымдануда.

«Кеше депозитімнен ақша алмақшы болдым. Бірақ олар маған аптасына 1 млн теңге ғана шешіп ала алатынымды айтты. Банкпен жасалған келісімде бұл туралы жазылмаған. Енді 6 миллион теңгені тек бір айдан кейін  шеше аламын. Мәміле үшін ақшаны шұғыл түрде алуым керек, әйтпесе шығынға ұшыраймын. Менің шығындарымды кім өтейді?» – дейді Астана банкінің салымшысы Гүлнар Иманқұлова.

Бірақ филиал басшылығы клиенттер депозиттерін жоғалтудан қорықпау керек деп сендірді. Банк салымшылар алдындағы өз міндеттемелерін орындауды жалғастырады және шектеулер уақытша болып табылады дейді.

«Банк жеке тұлғалардың келесі операциялары үшін 2018 жылдың 22 сәуірінен бастап 2 мамырына дейін уақытша шектеулер белгілеуге мәжбүр. Салымшылар ағымдағы шоттардан депозитке ақша аударуға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға – ғаламторға және мобильдік банкингке  тәулігіне  200 000 теңгеге дейін аударуға, жеке тұлғалар банк филиалдардағы депозиттерден аптасына 1 млн. теңгеге дейін ғана қаражат ала алады»,- деп мәлімдеді «Астана»  банкінің Шымкенттегі филиалының директоры Ақылжан Сарыбай.

Филиал басшысының айтуынша, ең алдымен жалақыға, зейнетақыға және шәкітақыға есеп беріледі.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбеде қар жауды: Жақын күнде облысқа қыс келмекші (видео)

15 жылға сотталды: Ақтауда әкесі бірінші некесінен туған ұлын өлтірген екінші әйеліне қатысты сот үкіміне наразы

Шаханов: Бізде әр ұрының кем дегенде 2-3 медалі бар, солардың қатарында болмайын деп атақтан бас тарттым

Ақтөбе облысында бес баланың әкесі үстіне бензин құйып өзін өртеп жіберді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
28.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар