«Астана Банкі» Назарбаевтың сынына жауап берді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 18 сәуірде Ұлттық Банк қызметінің қорытындылары бойынша өткен жиналыста  «Астана Банкі», «Qazaq Banki» және «Эксимбанк»  нашар көрсеткіш көрсетіп отыр деген болатын.

«Астана Банкі» Назарбаевтың сынына жауап берді

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Барлық жұмыстарды орындамаған, кейіннен мемлекеттік қолдауға ие болатын банктер ешқандай нәтиже бермейтін болады. Сондықтан баршаңызға Ұлттық Банкке қысым көрсетуді тоқтатуға кеңес беремін. Қазіргі уақытта «Qazaq Bank», «Эксимбанк» және «Астана Банкі» нашар көрсеткіштерге ие. Себебі, бұл банктердің акционерлері жұмысты дұрыс басқармай, салымшылардан алған ақшаны қатарып беруге шамалары келмей, оларға жауап бере алмай отыр. Олар қалай жұмыс істей алады? Егер олар осы банктерді сақтап қалғылары келсе, акционерлер ең дұрыс емес жолмен алған қаражатты қайтарып, орнына қойсын», – деді Президент.

Бұдан кейін «Астана Банкі» басшылығы өздерінің Facebook парақшасында банк клиенттеріне өтініш жасады.

«Бүгінгі таңда« Астана Банкі» АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық пруденциалдық нормативтерін орындап отыр. «Астана Банкі» құрылғалы бері өз міндеттерін орындау бойынша ешқашан дефолтқа жол берген емес», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, банк мемлекеттік қолдау бағдарламаларын алушылар емес екенін және клиенттер үшін барлық міндеттемелерді орындауға ниетті екенін атап өтті.

Жиналыс барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің банктерді сауықтыру бағдарламасы жабылатындығын мәлімдеді. Сондай-ақ,  зардап шеккен банктердің акционерлері банктерін сақтау үшін өзінің қаржы ресурстарын инвестициялауы керек екені айтылды. Ол сонымен қатар, осы банктердің акционерлеріне Ұлттық Банкке қысым көрсетулерін тоқтатуды талап етті.

Оқи отырыңыз: 

Назарбаев: Qazaq Bank, Астана Банкі және Эксимбанк нашар көрсеткіштерге ие

Жамбылдық шенеунік шаруаларға бөлінетін субсидияны отбасылық бизнесіне аударып отырған

Қарағандыда екі жасар бүлдіршіннің тісін емдемек болған анестезиолог ауруды басатын екпенің орнына психотропты дәрі салған

Қарыз қайтарылсын: Назарбаев ақшаны қайтармаған банктерге шүйлікті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар