Астана әуежайында Bek Air ұшағы дөңгелексіз қонды (фото, видео)
Бүгін Қызылордадан ұшып шыққан жолаушылар ұшағы Астанада апатты жағдайда қонды. Оқиғаны куәгерлер фотоға және видеоға түсіріп алған.

Bek Air әуе компаниясына тиесілі ұшақтың алдыңғы шассиі шықпай қалып, ол әуежайға дөңгелексіз қонды. Куәгерлердің айтуынша, оқиға таңғы сағат 10:30 шамасында орын алған. Осы апатты жағдайдан кейін Астана әуежайы 13:00-ге дейін өз жұмысын уақытша тоқтатты.

Әзірге құзырлы органдар ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Ұшақ бортында қанша жолаушының болғаны, олардың жағдайы жөнінде қосымша хабарланатын болады.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты
Ажар: “Ауруханалар мен университеттер бомбаланып жатыр”
"Асқан қатыгездік": Қазақстандықтар қаңғыбас иттерді жаппай өлтіру туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"