«Астана арена» стадионында Рианнаның концерті өтеді
6 шілдеде «Астана арена» стадионында атақты әнші Рианнаның концерті өтеді деп жоспарланған.

Бұл туралы expo2017culture.kz сайтында хабарланды.
Аталған сайтта «ЭКСПО-2017» көрмесінің мәдени ойын-сауық, спорттық шараларының кешенді бағдарламасы жарияланған. Алайда ұйымдастырушылар бағдарламаға өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін ескертеді.
Астанада америкалық поп-әнші Рианнаның концертін өткізу жоспарланғаны бұдан бұрын да хабарланған. Рианна – ең танымал артистердің бірі. Оның альбомдарының 20 миллионнан астам көшіремесі, 60 млн синглдары сатылған.
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек