Астана әкімі не себептi қарамағындағыларды түгел таксимен жүргізбек

Қарамағындағыларын қызметтік көліктен түсіргелі жатқан Исекешовтің өзі таксиге отыра ма? Қызметтік көліктің орнына такси! Астана әкімі Әсет Исекешов келер жылдан бастап қарамағындағыларын түгелдей таксиге отырғызбақшы, деп хабарлайды КТК.

Фото: informburo.kz

Яғни, әкімдік қымбат қызметтік машиналардан бас тартып жатыр. Осылайша, бюджет ақшасын үнемдемек. Ал, таксопарктер табысының өсетініне қуанып отыр.

Қала әкімі Әсет Исекешовтің идеясы іске асса әкімдіктің алдындағы мына шетелдің көліктері болмайды.Түрлі-түсті қымбат машиналар, басқарма басшылары мен әкім орынбасарларының қызметтік темір тұлпары. Ал, әкімнің өзі маркасы осындай қара мерседеспен жүретіні  белгілі. Бірақ, бастама авторының өзі Исекешовтің немістің қымбат машинасына бас тартып, таксиге отыра ма жоқ па бұл жағы  әзірге белгісіз.

“Жаңа жылдан бастап, қызметтік көліктен бас тартып, әкімдік қызметкерлері таксимен жүретін болады. Қазір қалада бірнеше таксопарк бар. Бірақ, олардың сұранысты қамтамасыз етуге көліктері жеткіліксіз”, – дейді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов.

Исекешовтің айтуынша, таксиге отыру әлдеқайда тиімді екен. Өйткені, әкімдік жылда қымбат көлік сатып алып, жүргізушілерге ай сайын жалақы төлейді. Әрі темір тұлпарлардың күтімі мен салығына кететін ақша  тағы бар. Бұлардың барлығына кететін қаржы ондаған миллион теңгеден  асып кетеді. Сондықтан, қызметтік машинадан  түсіп таксиге міну шығынды екі есеге дейін азайтады дейді әкім. Әрі таксопарктерге  де мол пайда әкеледі. Сондықтан әкімдікке қызмет көрсететін бизнесмендер табысты келісімнен қағылып қалмауы үшін қосымша көлік сатып алуға қазірден-ақ жанталасып жатыр.

“Бұл қызмет бізге міндетті түрде 5 жылға беріледі. Сол 5 жыл ішінде қызметті келіскен обьем ретінде жұмысқа асырылады. Бізде 550 машинамыз бар. Эконом класында. Жаңағы сапамызды арттырамыз деп отырмыз яғни бизнес класындағы машина бізде жетпейді. Бірақ, жоспарда осындай машина сатып алу бар”, – дейді «Астана қалалық жүргізушілер қауымдастығының» төрағасы Медет Құрманов.

Ал, тың бастама шынымен іске асса шенеуніктердің таксиге отырудан басқа амалы жоқ. Енді бұрынғыдай жиналыс деп қызметтік көлікке міну де қалады. Өйткені тендер алған соң таксопарктер әр минутты есептейтіні анық.

Десе де жаңа жылдан бастап іске асатын жоба әзірге сынақ ретінде іске аспақшы. Егер оң нәтиже берсе, әкімдікке тиесілі қымбат машиналар жаппай аукцион арқылы сатылады немесе таксопарктерге төмен пайызбен несиеге беріледі. Ал, жұмыстан қысқартылатын әкімдіктің жүргізушілерін бизнесмендер такси көлігін айдауға шақырмақшы.

Тағы да оқыңыз:

Ақтөбеде кеңсе күзетшісі ұрлыққа түскен қарақшылардан қорқып, тығылып қалған

Алматыда іздеуде жүрген күдікті апалы-сіңілі екі әйелді жауыздықпен өлтіріп қашып кеткен

Астанадағы мектептердің дәретханасын күлкіге айналдырған Сыздықованың өзі сын астында қалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
12.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар