Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әкімі соққыға жығылған 5 жасар қызды бақылауына алатын болды

Астана әкімі Әсет Исекешев  қатты соққыға жығылған 5 жасар қыздың жағдайын өз бақылауына алатын болды. Бұл турлы қала әкімі желіде пікір қалдырды.

«Мәселе бақылауға алынды. Полиция жұмыс істеп жатыр. Мән-жай анықталған соң, оның жағдайын жасаймыз. Мүмкін, балалар үйіне тапсырылады», – деп жазған қала әкімі.

Жазбада қызды асырап алу туралы ұсыныс жасағандар да бар.

«Кешіріңіз, балалар үйінде қыздың психикасы бұзылады. Көпшілік оны патронаттыққа немесе асырап алуға дайын. Бұл дұрыс шешім болады. Біз ала аламыз, тек Алматыдамыз», – деп жазды Жәния Әділбек есімді желі қолднушысы.

«Мен жаңа ғана № 2 қалалық балалар ауруханасынан келдім. Мені оған жібермеді. Нейрохирургия бөлімін таптым. Оған бөгде адамдарды кіргізбейтінін айтты. Оның туыстары жүр екен. Медбикелерге телефонымды қалдырдым, үйге келіп жыладым.

Не үшін? Неге періште әкесі мен анасынан айырылды? Біз жақсы заманда өмір сүреміз. Тек адал жүру керек. Алла мүмкіндік беріп тұр. Не үшін Неге біз қатыгез болып бара жатырмыз адамдар?

Әкем айтады, заман күшті, адам өзгерген, рас қой, Бұл балаға Алла жар болсын. Не істеу керегін білмеймін. Оны өзім алғым келеді. Жай ғана махаббатымды сыйлағым келеді», – деп жазған Diamond есімді қоданушы.

Айта кетейік, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, парламент депутаты Зағипа Балиева соққыға жығылған бес жасар қыздың тағдырын өз бақылауына алғанын хабарлаған едік.

 

Талқылау