Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана әкімдігі тұмаудан сақтанудың жолдарын айтты

Астана әкімдігі тұрғындарға тұмаудың алғашқы белгілерін айтып, аурудан сақтануға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz.

Тұмау – әдетте күз мезгілінде тарайтын ауру. Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сарапшылары аурудың белгілері мен сақтану жолдарын айтты. Ауруды дер кезінде ескеру – денсаулық кепілі.

Тұмау – ауа тамшылы механизммен берілетін, сонымен қатар тұрмыстық заттар арқылы жұғатын жіті вирусты жұқпалы ауру.

Аурудың белгілері: бастың ауруы, дене температурасының 38-40 градусқа дейін көтерілуі, қалтырау, әлсіздік пен мазасыздық, бұлшықет пен буындардың ауыруы, мұрынның бітелуі, түшкіру, жөтелу.

Аурудың алдын алу үшін ең бірінші кезекте тұмауға қарсы екпе салдыру керек. Тұмаумен ауырып жүрген адамдармен сөйлеспеңіз. Бетперде киіп жүріңіз. Тұмау дерті өршіп тұрған шақта қоғамдық орындарға көп бармаңыз. Үйді жиі желдетіңіз. Спортпен айналысыңыз.

Ауру белгісі байқалған жағдайда, үйде қалып дәрігер шақырыңыз.

Бұған дейін қазақстандықтарға тұмаудың жаңа түрі қауіп төндіретінін хабарлаған едік. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау