Астана әкімдігі Головкиннің жекпе-жегі елордада өтеді деген ақпаратты жоққа шығарды
Елорда әкімдігі Головкиннің жекпе-жегін өткізу туралы ақпаратты жоққа шығарды.

“Елорда әкімдігі 2017 жылдың 17 шілдесінде Геннадий Головкиннің жекпе-жегі өтетіні туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Әкімдік аталған шараның ресми ұйымдастырушысы болып табылмайды және аталған бокс кешін өткізу шарттары бойынша ақпараттан хабарсыз”, — делінген ресми хабарламада.
Шындыққа жанаспайтын ақпарат бергені үшін Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаевқа ескерту жасалды. Бұдан бұрын дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Берік Маржықпаев Геннадий Головкин мен британдық боксшы Били Джо Сондерс арасындағы жекпе-жек 17 шілдеде өтетіні “Астана Аренада” өтеді деп хабарлаған.
Жіберіп алмаңыз:
Қанат Ислам ринг төрінде кішкентай балақайдың тұсауын кесті (фото)
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан