Асхат Садырбай адамды хайуаннан ерекшелейтін басты қасиет туралы айтып берді
Танымал тележүргізуші Асхат Садырбай адамды хайуаннан ерекшелейтін басты қасиет туралы сөз етті. Журналистің айтуынша, қазақ халқы үшін маңызды саналатын бұл қасиет хакім Абайдың кітаптарында жиі сөз етілген, деп хабарлайды Stan.kz.
Назарларыңызға тележүргізушінің желідегі парақшасында жариялаған жазбасын ұсынамыз.
«Айналамдағы адамдарға, замандастарға қарап отырып көңіл туралы жазғым келді. Меніңше көңіл де адамды xайуаннан ерекшелейтін қасиет. Жалпы адам, өмір болған жерде көңіл де бар. Ақыл, жүрек, ой, түйсік, сана, сезім өз алдына бөлек. Ал, көңіл туралы әңгіме көп жағдайда көлеңкеде қалып қоя береді. Көңіл үшін істедім, көңіл үшін келдім, көңіл үшін айттым, көңілі қалмасын, көңілі көтеріліп қалсын, көңілді, көңілсіз, көңілім ауды, көңілім түсті, көңіл бөлдім, көңіл аулау, көңіл сұрадым, көңіл айттым… Қарап отырсаңыз қазақта көңіл деген сөз көп жерде кездеседі және әдебиетте де ауызекі әңгімеде де ешуақытта қолданыстан шықпаған.
Бір ғана сөз болса да ішіне қаншама нәрсені сыйғызып жіберетін сөз құдыреті ғой. Мысалы үшін, қазақ достық туралы үлкен пәлсафаны “Достың көңілі бір атым насыбайдан” -деп тоқ еткізе салған. Көрдіңіз бе, көңілдің рөлі қандай. Әйтпесе бір атым насыбай деген не?! “Көзден кетсе, көңілден де кетеді” деген бар. Бұл да айтары көп, астары өте терең ой. Бір адамды, мейлі дос немесе туыс болсын, күнде көріп жүріп сыйласқан басқа да, анда-санда, айында-жылында көрген басқа. Таныстық, достық қарым-қатынас ешқашан естен шықпауы мүмкін, бірақ сыйластықтың, көңілдің баяғыдай болмайтыны анық. “Көңілім жаздағыдай” (по барабану) деп жүре беретіндер бар ғой. Демек ол сөздің де айтылатын өз орны бар. Сіз үшін маңызды адамға сіз ешқашан олай айтпайсыз. Ал, басқасына айтасыз немесе сол принципті ұстанасыз.
Тоқсан ауыз сөзімді тобықтай ғып түйіндей келе, көңіл бар деймін. Көңілге қарамаса көңіл қалады. Көңіл қалғаннан кейін оны қалпына келтіру кейде қиын, кейде мүмкін емес. Қазақпыз, біз үшін бәрінен де көңіл қымбат екенін естен шығармайықшы. Қанша дегенмен xайуан емес адамбыз ғой», – деп жазды Асхат Садырбай.
Жіберіп алмаңыз:
Сиви Махмұди елден жасырған күйеуін көрсетіп оған деген сезімін білдірді (фото)
Сәуле Әбединова күйеуінің өзге әйелден сәби сүйетінін білгенде оған рұқсатын бергенін ашып айтты
Қазақстан эстрадасының ең стильді әншісі өзін өмір бойы «ұсқынсыз үйрек» сезінген
Саят Медеуов Мейрамбек пен Тоқтардың 18 жасын тойлау үшін түнімен ақша іздеген

"Желке сүйегін алып тастады": Астанада тұрғын үй кешенінің ауласында кішкентай қыздың үстіне футбол қақпасы құлаған
