Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әскери қылмыс үшін айыпталған генерал сотта у ішіп қайтыс болды (видео)

Хорват қорғаныс кеңесінің экс- басшысы Слободан Праляк бұрынғы Югославия бойынша Халықаралық трибуналдың Апелляциялық палатасы отырысында у ішті.

Сот отырысы дереу тоқтатылып, жедел жәрдем шақыртылған. Айыпталушы  Гаагадағы ауруханаға жеткізілген. Бірақ оған дәрігерлер ешқандай көмек көрсете алмады,- деп жазады РИА Новости.

90-шы жылдары Босния мен Герцеговинада қылмыс жасағаны үшін 2013 жылы ұзақ мерзімге сотталған Праляк пен басқа да босниялық хорваттарға шығарылған 2013 жылғы бірінші инстанция үкімі расталды.

Үкімдерге сәйкес босниялық хорваттардың өз егемендігін жариялаған құрылымының экс-премьері Херцег-Босна Ядранко Прлич 25 жылға сотталды. Қорғаныс министрі Бруно Стоич пен Хорват қорғаныс кеңесінің басшылары Слободан Праляк және Миливой Петкович 20 жылға бас бостандықтарынан айырылған.

Әскери полиция командирі Валентин Чорич 16 жылға, әскери тұтқындарға жауап беруші Берислав Пушич 10 жылға сотталған.

Айыптауларға келіспеген Праляк орнынан тұрып, “әскери қылмыскер емес” екенін, сот үкіміне наразы екенін айтып, кішкентай бөтелкедегі сұйықтықты ішіп жібереді.

Генералдың адвокаты оның у ішкенін ағылшын тілінде айтқан.
Отырыс тоқтатылып, трансляция үзіліп қалды. Кейін БАҚ-да сот залында түсірілген видео жарияланған.

Пралякқа медициналық көмек көрсетіліп, өзге айыпталушылардың соты басқа залда жалғасты, өйткені бірінші залда голланд құқық қорғау органдары оқиғаны тергеуді бастап кетті.
Үкім билік өкілдері мен республика азаматтарының басым көпшілігінің наразылығын тудырды.

Хорватия президенті Колинда Грабар-Китарович Исландияға сапарын аяқтамай, үкім салдарынан Заргебке қайтып оралған. Бұдан бұрын президент пен басқа да билік өкілдері сотталушыларды жақтаған болатын.

Трибуналдың баспасөз қызметі оқиғадан соң алты сағат өткенен кейін генералдың өлімін ресми түрде жариялаған.

Босния мен Герцеговинада хорваттар, сербтер мен босниялықтар арасында 1992-1995 жылдары қанды азаматтық қырғын болып, 1995 жылы 21 қарашада Дейтон келісімімен тоқтатылған болатын. Қақтығыс кезінде 100 мыңнан астам қаза тапқан. Келісім қазірге дейін күшін жойған жоқ.

Оқи отырыңыз:

Баян Мақсатқызы тұрмысқа шығатынын мәлімдеді

Қысқа етекті ақшақар: Мәдина Сәдуақасова тағы да сынның астында қалды (фото, видео)

Атақты Роза Рымбаева Семей әкімінен көрген қорлығы жайында айтты

Димаш Құдайберген Инновация заманының лидері атанды

 

 

Талқылау