Әскер мерзімін ұзартуға қатысты Қорғаныс министрі мәлімдемесін айтты

Сәрсенбі, 26 Қазан , 2016 21:22

Бұған дейін әскерде болуды қайта 2 жылға ұлғайту мәселесі қоғамда үлкен қызу пікірталас тудырған, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

81fea2438071c43cc469504be5131938

Елімізде отан алдындағы борышты өтеу мерзімі ұзартылмайтын болды.

Бүгін бұл тақырыпқа Қорғаныс министрінің өзі де араласып, қару ұстап үйренуге 1 жыл жеткілікті деп турасын айтты.

-“Қорғаныс министрлігі бұл мәселені мүлдем қарап жатқан жоқ. Қазір жігіттер әскерде 1 жыл болады. Осы жеткілікті, оны өзгертудің қажеті жоқ. Жалпы, әскерилердің 70 пайызы келісім-шартпен жұмыс істеп жүргендер. Қарулы күштер сапында 18 мыңнан астам офицер бар”, – дейді ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов.

Ал 2 жылдықты қолдағандар әскерде келісім-шартпен жүргендердің тым көптігін алға тартқан. Тіпті оларға жалақы, тұратын баспанасының шығыны қазынадан төленетіндіктен бюджетке ауыр салмақ салыпты. Есесіне, жыл сайын 24 мыңнан астам мектеп түлегі университет пен колледжге түсе алмай, сандалып бос жүр. Осы бозбалаларды казармаға жіберіп мамандық алуға мүмкіндік туғызу жайы көзделген. Оның үстіне, әскери билеті болса жұмысқа орналасуы жеңілірек болады. Алайда, бұндай ұсынысқа қарсы шыққан Қорғаныс министрі қалыптасқан жүйені өзгертуден бас тартып отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Мемлекеттік қызметте «13-жалақы» мен мерекелік сыйақыларды алып тастайды

Төрт ауылдың халқы жайылым жеріміздің Өзбекстанға өтуіне қарсымыз деп наразылық білдірді

Қоғам қайраткерлері үш тұғырлы тіл саясатына қарсы шықты

Ішкі істер министрі барлық полицейлерді қызметінен қууға дайын

Арқалықтағы мешітті 180 миллион теңгеге сатпақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар