Асқар Мамин жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин «Байтерек» ұлттық холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы атанды, деп хабарлайды KASE-ге сілтеме жасап Stan.kz.

Қазақстандық қор биржасының мәліметінше, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді.
Кеңес құрамынан төраға Бақытжан Сағынтаев пен ДК мүшелері Ерболат Досаев, Әлихан Сымайлов, Тимур Сүлейменов, Жеңіс Қасымбек шығарылды.
Олардың орнына жаңа мүшелер тағайындалды. Осылайша, Асқар Мамин директорлар кеңесіне төраға ретінде сайланды. Ал Жеңіс Қасымбек, Әлихан Сымайлов, Руслан Дәленов және Роман Скляр кеңес мүшесі атанды.
Осылайша, қазіргі уақытта кеңес 10 адамнан тұрады: Асқар Мамин, Жеңіс Қасымбек, Әлихан Сымайлов, Руслан Дәленов, Роман Скляр, Ерұлан Жамаубаев, Айдар Әріпханов, Клаус Мангольд, Томас Миров, Филипп Йео.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"