Ашық фотосессияға түскен қазақстандық спортшы қыз өз әрекетін түсіндірді

Бейсенбі, 19 Мамыр , 2016 14:45

Қазақстандық спортшы қыз Регина Глазман ашық фотосессияға түсіп, жанкүйерлерін таңқалдырған еді. Алайда спортшының өзі бұл суреттер ешқандай шу тудыратындай дәрежеде емес дейді.

ыыыыыыы

Сурет ipaparazzi

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

“Ерлі-зайыпты фотографтар Владимир Петухов пен Амина Машанло маған ерекше фотосессияға қатысуға ұсыныс жасады. Ол жерде ашық-шашық ештеңе де жоқ. Үстімде қарапайым жейде, суға түсуге арналған да киім емес”, – дейді 18 жасар спортшы.

Регина өзі түсірілім барысында ерекше әсер алдым дейді. Алайда суретке түсіру барысында денесіне түрлі бояулар жағылғандықтан, түсірілімнен соң басын біраз жууға тура келген.

123

“Мен фотостудияда жуына алмайтын болғандықтан, сол күйімде үйге бардым. Адамдардың барлығы маған таңқалып қарап, әрине, сәл ыңғайсыздық тудырды. Шашыдағы шашыраған бояуларды тек төртінші рет жуып ғана кетіре алдым”, – дейді ол.

Мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасында Қазақстан және Азия чемпионы атанған Регина қазір келесі жылғы қысқы универсиадаға дайындық үстінде. Спортшы қыз қазір KIMEP-те халықаралық заңгер мамандығы бойынша білім алып жатыр. Алайда, жаттығуларына тыңғылықты дайындалу үшін қыркүйектен бастап академиялық демалыс алмақ.

12321

“Мен оқытушыларыма ел намысын үлкен додада қорғайтындығымды айтып сұранып қойдым. Олар мені бірден түсініп, қолдау білдірді. Ондай үлкен сайыста ұятқа қалуға болмайды”, – дейді спортшы. Сондай-ақ, ол әзірге жүрегінің де бос екенін айтып қалды. Өзі секілді жан-жақты ойланатын, деңгейі жоғары жігітті табу оңай емес дейді. Оқу мен жаттығудың арасында жүгіріп, жеке өмірге уақыт та қалмайтын көрінеді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар