Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аша Матай атышулы "Қалаулымнан" неге кетті: Тележүргізуші бүкпесіз себебін атады

Қазіргі таңда ел аузында жүрген танымал жұлдыздардың бірі Аша Матай туралы алып қашпа әңгімелер көп. Арман екеуінің ара қатынасына байланысты орын алған соңғы жағдай да жұрт талқысында әлі жүр. Аша ханым әншілікті біржола тастады ма? "Қалаулымнан" не үшін кетіп қалды? Осы сұрақтарға Аша Stan.kz тілшісіне жауап берді.

"Қалаулымда" ұзақ уақыт бойы жүзгізуші болдыңыз. Не түйдіңіз, не үйрендіңіз?

"Қалаулым" менің өмірімде жарқ ете қалған жобалардың бірі. Өмірде әртүрлі жағдай болатынын ұқтым. Қандай жағдай болмасын дұрыс ара-қатынас құру керек екенін түсіндім. Ірі жоба болғандықтан, мен үшін де үлкен тәжірибе болды. Тележүргізуші ретінде бұндай тәжірбиеден өту мен үшін үлкен бақыт. 

"Қалаулымнан"  екінші маусымы бітуіне екі ай қалғанда кетіп қалуыңызға не себеп?

Аяқасты кетсем де, үшінші маусымына қонақ ретінде келетін шығармын. Жобаның бітуіне екі ай қалғанда кетуіме себеп дәл осы "Еуразия" арнасында басқа бір жобаға дайындалу үстіндемін. Бірақ ол туралы ештеңе айта алмаймын.

Жүргізушілік пен әншілік қырыңызға көп сын айтылып жатады. Қалай қабылдайсыз? Көңіліңізге қатты тиген кездері болды ма?

Ең басында қатты тиетін. Қатты тиюі керек те. Hit Tv арнасында жұмыс істеп жүргенімде, әрине, тәжірбие аз болатын, бұл саланың маманы емес едім. Ол кезде тек қана әнші ретінде белгілі болдым. Содан ақырындап жүргізушілік саласын игеру үшін жураналистика мамандығының магистратура бөлімін оқыдым. Қазіргі таңда кәсіби маман ретінде өз орнымды ойып тұрып алдым.  Бұған дейін үш саланы бірдей ұстап келедім. Ішінен өзіме жақынын таңдадым. Әншілік екінші орында болады. Оны қойып кеткен жоқпын. 

Алдағы уақытта әнші ретінде жеке шығармашылық кешін өткізу ойда бар ма? 

Әрине, ойда бар. Бірақ жеке әнші ретінде емес, дуэт болып Арман екеуміз бірге концерт берсек деп жүрміз. Алдағы уақытта концерт өткізу  жоспарда, ойымызда жүрген дүние. 

Соңғы рет жұбайыңыз екеуіңіз жасаған "хайп" көрермендер тарапынан "шындыққа жанаспайды, олар шынында ұрсып қалған" деген сенімсіздік тудыртты. Расында үй болған соң, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Үйдегі ұрыс көбінесе неден туындайды?

Ол хайп та, шоу да емес және бейнебаянға орай жасалған дүние емес. Халық өзі солай қабылдап жатыр. Бірақ оны ары қарай өзіміз алып кеттік. Бейнебаянды осы тұста шығара салайық деген ой келді. Негізінде оның монтажы біраз уақытқа созылуы керек еді. Дегенмен, осы бір сәтті пайдаланып тезірек шығардық. Әр үйде ұрыс-жанжал болатыны анық. Кейде уақыттың аз болып қалуынан әйел ретінде үйге, кішкентайымызға уақыт жеткізе алмай жатамын. Сол кезде ренжісулер болып тұрады. Ренжіссек, мен бұлданып қалам, сөйлеспей қоямын. Ондайда Арман ер азамат ретінде өзі бірінші кешірім сұрайды. 

Қазір отбасында  үшеусіздер. Қарақат, Алтынай әпкелеріңіз сияқты көпбалалы ана атану ойда бар ма?

Әрине, ойда бар. Алғашқы баламды кесаревомен босанған соң, біз үш жыл  үзіліс жасадық. Денсаулыққа байланысты. Алдағы уақытта, әрине, көпбалалы болу ойда бар. Алла берген баласын қайтармаймыз ғой. 

Сіз қандай анасыз, қандай келінсіз, қандай жарсыз?

Білмейм. Бұл сұрақты Арманға қойғаныңыз дұрыс шығар. Жақсы ана екенімді білемін. Жұбай ретінде, келін ретінде Арман мен менің ата-енемнен сұрау керек. Енем тарапынан сөгіс, ұрыс-жанжал болып көрмепті. Анамның жақтыртпай, ауыр сөздер айтып қалған кездері болған жоқ. Егер болып қалған жағдайда ол кісі де, мен де көтере алмайтын едік. Себебі, екеуміздің де жүректеріміз жұмсақ. Барынша бір-бірімізге жұмсақ сөйлейміз. 

Өмірде ең басты жетістігіңіз?

Осы күнге дейін жеткен жетістіктерім тікелей ата-анамның арқасы. Ең үлкен жетістігім  -менің отбасым. Содан кейінгі менің жұмысым. Сондай ақ, өзіме деген адалдығым. 

Сіз туралы: "ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүреді, Аша үшін бәрі дайын" деген сөздер бар екенін білесіз. Жұрт ойлағандай өміріңізде бәрі жеңіл ма? 

Жеңіл деп айта алмаймын. Шыны керек, барлығы әкемнің арқасы. Ол кісінің біраз қаражаты жұмсалды маған. Көбінесе әншілік бағытта. Себебі, бейнебаяндар т.б. толып жатқан дүниелерге әкем көп көмектесті. Ал одан соң өзім алып кеттім ғой. Егер де өз басым болмаса, қазіргі таңда Аша Матай болмайтын еді деп ойлаймын. 
         

Талқылау