Аша Матай: “16 қыз” фильмінде мен кейіпкермен сүйісетін көрініс бар

Жексенбі, 28 Ақпан , 2016 21:43

Режиссер Қанағат Мұстафиннің «16 қыз» романтикалық комедиясы 3 наурыз күні үлкен экрандарға шығады. Төрт жыл сценарийі жазылған картинаны түсіруге және монтаждауға екі жыл уақыт кеткен.

167

Ұзақ күткен киноның күні кеше Астана қаласындағы кинотеатрлардың бірінде алдын ала көрсетілімі болып, онда біздің Stan.kz сайтының Астанадағы тілшісі де болған еді.

175

Фильм 32 жасар Бауыржан деген жігіт туралы. Ол Баянауылда ағылшын тілінің мұғалімі болып қызмет атқарады.  Кезінде қыздардан жолы болмай, өзімен-өзітұйықталып қалған. Сол себепті ата-анасы оған қалыңдып іздеп жүр. Алайда, олардың жолы болмайды. Картинаның басында-ақ  Баянауылдағы соңғы қызды ұрлап кетеді.

1

Сонымен қаһарманның әжесі қазақтың «бел құда» салты бойынша Айжан деген қызды атастырып қойғандарын есіне түсіреді. Содан Бауыржанды Алматыға аттандырады. Қалаға келсе қыздың жігіті бар екен. Бірақ Айжан Бауыржанға қыз тауып бергісі келеді. Ол «16 қыз» деген арулар байқауының ПР директоры. Сол қыздардың ішінен қалыңдық іздей бастайды. Міне, қызықтың бәрі осы жерден басталады. Жар іздеген Бауыржан мен Айжан махаббат жолында неше түрлі шытырман оқиғаларға тап болады.

173

«Сценарийді төрт жыл жаздық. Сегіз нұсқасы болды. Түсірілім мен монтаж екі жылдай уақыт алды. Бар күшіміз бен жанымызды салдық, жүрекпен жасалып шыққан дүние. Көрерменнің көңілінен шығады деп ойлаймын.  Бұл 2014 жылы түсірілген романтикалық комедия. Сол жылы ұлы мастеріміз, ұстазымыз – Шәкен атамыздың 100 жылдығы болатын. Сол себепті фильмді Шәкен атамызға арнадық. Баянауылды таңдау себебіміз де осы. Онда Шәкен атамыз туып өскен. Кинода Шәкен атамыз оқыған мектебі, ішін, сондай-ақ Шәкен атамыздың суреттерін көрсеттік. Сол себепті бұрынғы кеңестік кезеңдегідей мейірімділікке құралған, жеңіл фильмдерге ұқсас жақсы кино жасағымыз келді. Қазіргі таңда ондай кинолар жетіспейді» – деді режиссер Қанағат Мұстафин.

172

Картинада басты рөлдерді Берік Айтжанов, Аша Матай, Әнуар Нұрпейісов сынды актерлар ойнайды. Режиссердың айтуынша өнер иелерін актерлік шеберлігі, мүмкіндіктері мен біліміне қарай таңдап алған. Тіпті, сценарий солардың кәсіби қабілеттеріне қарай жазылыпты.

170

«Мен оны жақын арада бір-ақ білдім. Мені кастингке шақырған кезде басқа қыздардың кастингте болмағаны мен үшін қызық болды. Мүмкін менің алдымда немесе менен кейін келетін болар дедім. Сөйтсем, Қанағат мені жай ғана кастинг болып жатыр, кел деп шақырған екен. Сөйтіп алдын ала мені бекітіп қойыпты. Фильмдегі образым ХХІ ғасырдағы қыздың бейнесі. Ол өзіне сенімді, басқа адамдардың жағдайын ойлап жүретін, дегенмен еркелігі де бар қыз. Екеуміз қатты ұқсаймыз деп айта алмаймын, дегенмен кейбір қылықтарымыз ұқсайды», – дейді Аша Матай.

171

Актрисадан фильмді түсіру барысындағы қызықты сәттер жөнінде сұраған едік. Ол: «Қызықты сәттер көп болды. Біз Шарынға барған кезде өте суық болды. Сонда, біз (Берік Айтжанов екеуі) машинаның үстінде әңгімелесіп самса жейтін сәтіміз бар. Самсамыз қатып қалып, мен сол жерде 15 самса жеген болармын. Күн батып бара жатыр, біз күнге қараймыз. Сондықтан режиссер тез-тез жеңдер, тезірек түсірейік дейді. Мен қақалып, түсірілімнен кейін құсып алған болатынмын.

168

Және соңғы көрініс қиын болды. Онда біз Бауыржанмен махаббатты (сүйісу көрінісі) көрсетеміз. Маған осы сәт қиынға соқты. Себебі мен Берікті тек әріптес және үлкен кісі ретінде қабылдаймын. Біз кинофестиваль немесе басқа жерлерде кездесіп, әріптес болып жүрген едік. Киноға түсу бұйырыпты. Сонымен, соңында жақындасып сүйісу көрінісі жөнінде мен Қанағатпен сөйлесіп, бұнымыз ұят болады дедім. Ал, режиссер сендер бір- бірлеріңе жақындаған сияқты болыңдар, мен сол сәтті басқа қырынан түсіріп аламын деді. Киноны көрсем шынайы шығыпты ғой. Кейбір көрермендер жаман ойлап қалуы мүмкін, бірақ бәрі олар ойлағандай емес» – деді Аша Матай (күліп).

165

Айта кетейік, туындының алдын ала көрсетіліміне келген көрермен қазақстандық суретшілердің «16 қыз» деп аталатын картиналарымен танысып, тамашалауға мүмкіндік алды.

166

Бұған дйін “16 қыз” фильмінің саундтрегін Қайрат Нұртас орындайтынын хабарлаған болатынбыз.

164

162

169

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Жақсы түсірілген кино.Отбасымызбен көрдік.Ұнады, қазақ киносы өркендей берсін. Көңілімізге қонбағаны -Əнуар Нұрпейісовтің қазақшаны нашар сөйлеуі.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар