Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда жаңа асфальтты сынамадан өткізді

Жолды қайта қалпына келтірудің тиімді әрі арзан жолы сыналуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы қалалық мобильділік басқармасына сілтеме жасап.

Жолдарды жаңа әдіс арқылы қалпына келтіру бюджетті 4 есе үнемдеуге көмектеседі. Өйткені, жолдарға толығымен жөндеу жұмыстарын жасамай-ақ, жаңа әдіс арқылы өңдеуге мүмкіндік болады.

Алматы көшелерінде жолдары жаңа әдіспен қаптап, сынақ жасап жатыр. Қазір Рысқұлова мен Төле би көшелеріне жаңа әдіс қолданылды. RejuvaSeal деп аталатын құйма асфальт құрамын су өтпейтіндей етіп берік ете түседі. Сондықтан, қайта жөндеу жұмыстарын 4 жылға дейін жасамауға болады деп болжануда.

"Төле би көшесінің бойында аналогты RejuvaSeal қоспасы қолданылды. Шайыр мен мұнай майларынан жасалған қосылыс асфальтқа 40 мм тереңдікте еніп, оны қаттылай түседі. Бұл қоспа бюджетті 4 есе үнемдеуге көмектеседі", - дейді Алматы қалалық мобильділік басқармасы.

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр