Әсел Сағатова алғаш рет балаларын көрсетті
Актриса Әсел Сағатова алғаш рет балаларымен түскен суретін жариялады. Киножұлдыз перзенттерімен бірге қайырымдылық шарасы аясында фототүсірілім ұйымдастырған, деп жазады Stan.kz.

“Ұлыңыз неткен сүйкімді әрі тәтті, тіл-көзден сақтасын”, “Әсел, сіздің қызыңыз да бар ма?”, “Неткен сары балапандар”, – деп таңданды желі қолданушылары.
Айта кетейік, Әсел Сағатова 2010 жылы Радий Мұхамеджанов есімді кәсіпкер азаматқа тұрмысқа шыққан болатын. Актрисаның жолдасы Радий – Камалтин Мұхамеджановтың (Қарағанды облысының бұрынғы әкімі және бұрынғы экология министрі) ортаншы ұлы.
Радий мен Әселдің бүгінде бір ұл, бір қызы бар. Жұптың Алдияр есімді тұңғышы 2014 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінде өмірге келген. Ал былтырғы жылы Әсел екінші сәбиін босанғанын елден жасырған еді.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
"Мәйіттің арқасы көгерген": ҚазҰУ-да жатақханадан өлі табылған студенттің анасы қызының өліміне қатысты күмәнін айтты
Қыздың анасы қызының өліміне қатысты барлық мән-жайдың анықталып, шындықтың ашылғанын қалайтынын айтты
Қара түтінге шағымданған алматылыққа зертханалық сараптаманы өзі жүргізу талап етілген
Ғимарат Қарасу шағын ауданында орналасқан