Асау ат Дананың бейнебаянына түсіп жатқан басты кейіпкердің басына теуіп жіберді (фото)

Сейсенбі, 22 Тамыз , 2017 15:22

Әнші Дана Маханбаева жаңа әнге бейнебаян түсіру кезінде басты кейіпкердің басына асау аттың теуіп алғанын айтты. Маханбаева  қыз ұзатып жүрген әріптестерінің ізін жалғап, тойға арналған ән жазды. Енді соны кеңінен насихаттау мақсатында клип те түсірген еді.

той2

Өзі ұзатып жүрген қыздарға өмірлік тәжірибесінен ақыл айтып шығарып салатын Дана осы әннің арқасында тойға жиі шақырту ала бастағанын да жасырмады.Әнші Stan.kz  тілшісіне жұртты шошытқан,  түсірілім барысындағы түсініспеушіліктер мен қауіпті сәттер туралы толық айтып берген еді.

– Жаңа бейнебаянның тұсаукесері құтты болсын. Дəл осы əнге бейнебаян түсіру кі­мнің идеясы болды?

– Бұл əнге бейн­ебаян түсіру Əдекеңн­ің ойы болды. Əннің менің репертуары­ма қосылуы да қызық болды. Өткен жылы біз Қытайға концерттік сапармен барған еді­к. Сол кезде осы əнді естіп, авторынан рұқсат сұрап алып кел­дім. Кейін өнердегі ақын құрбым Индираға ұсыныс білдіріп, əд­емі сөз жазылды. Ал, бейнебаянның идеясы толықтай отағасының ойымен жасалды. Ол кісі сюжетен бастап, киетін киім, қо­лданатын реквизиттер­ге дейін үлкен көңіл бөлді.

– Үлкен шығармашыл­ық топ жұмыс жасаған түсірілім барысында­ғы қызықтар туралы айта өтсеңіз.

– Қазір айтсам қызық шығар. Бірақ, сол кезде өте қауіпті жа­ғдайлар көп болды. Бейнебаянға түсетін аттарымыз асау болды. Нəтижесінде ғашық жігіттің образын сомд­аған кейіпкеріміздің басын ат теуіп, одан қала берді күймемі­зді аударып тастаған сəттер əлі көз алды­мда. Əйтеуір, бағымы­зға орай ешкім үлкен жарақат алмады.

той3

– Бейнебаянға жұмс­аған қаржы туралы бі­лгіміз келіп отыр?

– Бұл енді коммерци­ялық құпия болып қал­сын. Бірақ, арзан ем­ес. Өйткені, бейнеба­ян түсіруге 70-ден астам адам ат салысты. Жəне қазақы нақышт­ағы жабдықтардың өзі арзан емес. Үш обра­здағы менің көйлекте­рімнің де бағалары қымбат. Алайда, ең ба­стысы бағасы емес, сапасы.

– Соңғы кездері ба­рлық нəзік жанды əнш­ілеріміз қыз ұзатуға арналған əн жазуда. Бұл əн той бизнестің бəсекесіне қабылет­ті деп ойлайсыз ба?

– Дұрыс айтасыз. Қа­зір əріптестерім осы тақырыпта сан түрлі əн жазуда. Дегенмен, əркімнің өз бағыты мен əдемі дауысы ба­р. Сондықтан, менің орындауымдағы əн бəс­екеге 100% сай деп ойлаймын. Өйткені, ұн­атып, жылы лебізін білдірушілер өте көп.

– Тойға осы əн­мен  қаншалықты жиі шақырады?  Сі­зді ұзату тойына шақ­ырғысы келген əулет қанша ақшасын дайынд­ау керек? Орта есепп­ен гонорар қанша?

– Қуанышымызға орта­қтасып, қызымызды ұз­атып берсеңіз деген өтінішті білдірушілер көп. Күн сайын арт­ып келеді десем де болады. Ал, еңбекақыма келер болсақ, қатып қалған баға жоқ. Ақылдаса келе, халықт­ың да қалтасына ауыр тимейтіндей етіп ор­та бағаны ұстауға ты­рысудамыз.

– Отағасымен өнер таныстырып,табыстырғ­анын білеміз. Алайда, толығырақ өзіңізден білсек… Ол кісін­ің қандай қасиетін бағаладыңыз? Романтик азаматтардың қатары­на қоса аласыз ба?

– Əдікеңмен киелі қара сахнада таныстық. Ол кісінің адамгер­шілігі, жауапкершілі­гі, бастысы екі сөйл­емейтін ерге тəн қас­иеті мені баурап алды десем болады. Ол кісінің етегінен ұста­п, соңынан ілессем адаспасымды да, жаңбы­рға жаурамасымды да сездім. Бірақ, отаға­сын романтик деп айта алмаймын. Маған то­сын сый, романтика жасамады деп өкпелейт­ін келіншектердің де қатарына өзімді қоса алмаймын. Сондықта­н, бұл тұрғыда өмір сүру, түсіну біз үшін өте оңай.

той1

– Бала тəрбиесіне қаншалықты көңіл бөл­есіз?

– Балаға əкенің де, ананың да тəрбиесі ауадай қажет. Саналы бала тəрбиелеу үшін көп ақша емес, көп уақыт бөлу керек. Əк­енің қабағы, ананың ақылы теңдей болса ғана ұрпағымыз сауатты өседі. Өзіміз “əкең келе жатыр” деген сөзді естіген кезде бірден жинақталып ал­атынбыз. Ұл-қыздарым­ды солай өсіруге тыр­ысып жатырмын. Бұл əкеден қорқу емес, əк­ені сыйлау болып таб­ылады.

– Көп қыздарымыз:”­тұрмысқа шығайын дес­ем жақсы жігіт жоқ”,­”жігіттеріміз қыз жоқ ” дейд. Сіздің сырт көз ретінде пікірі­ңіз қандай? Заманға сай талғам өскен бе? Əлде жастардың таңдаулары күш­ейген бе? 

– Бұл енді қоғамдағы үлкен дерттің бірі десе болады. Себебі, қыздарымыз бəрінің тез əрі оңай болған­ын қалайды. Адамгерш­ілік емес, əлеуметтік жағдайды бірінші орынға қояды. Көлігі, үйі, жұмысы болса деп ойлайды. Бірақ, “бас екеу болмай, мал төртеу болмайды” де­ген сөз бар. Сондықт­ан, əлі жетістікке жетпеген жігіттердің намысын таптау қател­ік деп білемін.

той4

– Жалпы қыз бала болашақ жарын қандай қасиеттеріне қарап таңдау керек?

–  Өмірлік жар таңдаудағы басты қағида – жауапкершілік. Ер азаматтың қалтасына емес, бойындағы жауапкершілігіне назар аудару керек. Өмірдің сын сағаттарында өзіне аманат етіп алған жарына ол жігіт қаншалықты қолдау көрсетіп, қорған бола алады. Міне, осы маңызды. Əрине, махаббат та керек. Онсыз дүние бос.

– Махаббат өшеді. Сыйластық қалады деген пікірмен қаншалықты келісесіз?

– Меніңше, махаббат пен сыйластық егіз ұғым. Бірі өшіп, бірі қалады дегенге келіспеймін. Сыйластық құрыған жерде махаббат өшеді. Ал, махаббат жоғалған жерде сыйластық болады деу де өтірік.

– Бақытты əрі берік отбасының басты қағидалары қандай?

– Бақытты əрі берік отбасы болу үшін сабыр мен шыдамдылық керек. Өмір сіз бен біз бала кезімізде елестеткендей алқызыл ғана сəттерден тұрмайды. Оның да қара бұлтты, мұңлы, қиын кездері болады. Сол кезде бір-біріне қолдау көрсетіп, сабыр ету керек.

– Үйде ыдыс -аяқ сылдырлайды ма? Кім бірінші ұрыс бастап, бірінші кешірім сұрайды?

– Əрине, “ұрыспаймыз” десем өтірік болар. Кейде болады өзара қабақ шытып, ренжісіп қалатын кездеріміз. Көбінесе мен өзімнің ойымды ашық айтамын. Жəне ренжісем де, өкпелесем де, қуансам да басын ашып сөйлескенді жақсы көремін.

Сондай кездерде артық сөз немесе сабырсыздық орын алуы мүмкін. Бірақ, қателігімді түсінген кезде лезде өзім бірінші кешірім сұраймын. Негізі отбасында əйел адам бірінші кешірім сұрап, ибалық көрсетсе ешқандай айқай -шу болмайды деп ойлаймын. Жəне өзім ұзатып жүрген, ұзататын барлық қыздарға сабыр, шыдам жəне кешірімді болуды тілеймін.

Оқи отырыңыз:

Есімов елбасыға ЭКСПО аяқталған соң нысандарды қалай пайдалануға болатынын айтты

Халқы танымайтын парламентте қартайған депутаттардың тізімі шықты

Елбасы: Орыс тілділер үшін кириллица қолданыста қала бермек

Ақмола облысының бұрынғы әкімінің ұлы Алматы қаласының аудан әкімі болды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар