Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Асан Пердешов келіншегі жайлы бар шындықты айтты

Екінші рет отау тігіп, өзінен біршама жас кіші қызға үйленген Асан Пердешов желіде қызу талқыға түсті. Көпшілік келіннің өте жас көрінетінін айтып, оны тіпті мектеп оқушысына ұқсатқан, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Асан Пердешов келіншегі жайлы бар шындықты айтты

Ел арасында тарап кеткен әңгіменің нүктесін Асан Пердешовтің өзі қойды. Әнші расымен де жас қызға үйленгенін, алайда келіншегінің оқушы емес, студент екенін мәлімдеді.

“Үшінші сыныптың қызы деп жаза салмады ма? Қалай осы пиар етіп желіні ластайды. Мектеп құшағынан кеткелі екі жыл болған екінші курс студентін 5-сынып дей салады. Өзі солай жас көрінсе не істейміз енді?!
Мен бақытты болғым келеді! Бақытымды ешкімнен жасыра алмаймын. Жасырсақ жасырды десе, жасырмасақ мынау…

Мен ғой өнер адамы болғандықтан, бұл пиарға шыдармын, бірақ бір жерде намыстан мөлдіреген көзіне жас алса, кім жауап беретінін біледі ме кен?

Дұрыс менен біраз жастау шығар. Арада махаббат бар, ата-анасының қолынан ұзатып алып, келіп қуанышымды бөлісіп отсам. Жаман қапалы болдым олай жазбаңыздаршы өтініш. Мұндай пиар үшін үйленбедім”, – деп ағынан жарылды Асан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Асан Пердешов өзінің үйленгенін хабарлаған еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау