Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Пантеон әрбір мемлекетте  бар 

Астана тұрғындары алдында есеп беру кездесуі барысында ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы  Қазақстанда салынып жатқан Пантеон құрылысының екі жылдан астам уақыт бойы талқыланып келе жатқандығын хабарлады.

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Пантеон әрбір мемлекетте  бар 

«Шамамен 2 жыл бұрын Пантеон құрылысы белсенді талқыға түсті. Ол бізге қажет. Пантеондар әрбір мемлекетте бар.  Бұл тарихи әрі қоғамға қажет құбылыс. Біз барған ірі қалалардың барлығынан пантеондар көреміз. Өмір сүріп, артына өшпес мұра қалдырған ұлы тұлғалардың кейінгі ұрпаққа үлгі болуға құқы бар. Сондықтан біз Астанада осы Пантеонды тұрғызу керекпіз», – деді Арыстанбек Мұхамедиұлы журналистерге берген сұхбатында.

Оның сөзінше, қазіргі экономикалық ахуалға байланысты құрылыс мәселесі белгілі уақытқа тоқтатылған. Бірақ құрылыс жұмысы жалғасын таппақ.

«Пантеон мәселесі ұлтымыздың ұлы қаламгерлері Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова бақилыққа аттанғанда көтерілген еді. Алдымызда оларды туған жерінде не астанада жерлеу жөнінде сұрақ тұрды. Әрине, осы кезде астанада Пантеон болуы керектігі жайлы мәселе туындады», – деп еске салды ҚР мәдениет және спорт министрі.


Тағы оқыңыз: Фариза Оңғарсынова: қазақтың ақын қызының өмірі мен шығармашылығы

Талқылау