Арыстанбек Мұхамедиұлы Гиннестің рекордтар кітабына енгісі келеді
Астанада 1500 адам Малердің №8 симфониясын бір мезетте орындайды. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір біз ашық аспан аясында үлкен туындыларды сахналауды насихаттау үстіндеміз. Бұл дұрыс та. Мәселен, «Аида» операсын, «Дон Кихот» балетін сахналаған едік. Енді алғаш рет «Қыз Жібекті» көрсететін боламыз. Тағы бір айта кетерлігі, біз Малердің №8 симфониясын тұңғыш рет қоймақ ниеттеміз. Оған 1500 адам қатысады. Яғни, бұған дейін 1400 адам бір мезетте осы симфонияны орындап рекорд орнатқан болатын. Біз 1500 адамның орындауында рекордтар кітабына енгіміз келеді», – деді Мұхамедиұлы.
Тағы да оқыңыз:
Димаштың концертіне 6 күн ішінде 7 мың билет сатылып кеткен
Ақмола облысында ерлі-зайыпты өзге ұлттан 10 бала асырап алған (фото)
Қазақстан мұсылмандар одағы сақалдың ұзындығына байланысты салық салуды ұсынды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі