Арыстан туристерді өзін сипап, құшақтауға мәжбүрледі (видео)
Қырымдағы «Тайган» сафари-саябағында Филя атты 2 жасар арыстанды табиғат аясында суретке түсіргісі келетін туристер күтпеген жайтқа тап болды, деп жазады Stan.kz.

Айбарлы арыстанның мысықтардың қылығына ұқсайтын кей әрекеті туристерді таңғалдырды. Жыртқыш туристер мінген автокөліктің үстіне шығып алып, адамдарға еркелей бастаған. Оның бұл әрекеті құдды өзін сипалауды сұрағандай еді. Мұнан кейін ол көлік салонының ішіне кіріп, әр адамнан өзіне назар аударуын талап еткен.
Көлік ішіндегі үрейленген адамдар арыстанды сипалап, мейірім танытқаннан кейін ғана жыртқыш сыртқа шығып кеткен. Десе де сафари-саябақтың қонақтары мұндай жайтқа риза болып қалды.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?