Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аружан Саин Абай ауылындағы 7 жасар балаға көмек керек екенін айтты

Қоғам қайраткері Аружан Саин Абай ауылындаға 7 жасар баланың отбасы баспанаға мұқтаж екенін айтты.

Аружан Саин

Айтуынша, отбасының қауіпсіздігі үшін Абай ауылынан Алматыға көшуі керек.

«Баланы қорғау үшін, болашағы жарқын болу үшін оны отбасымен Алматыға көшіру керек. Отбасы ауылдаға үйін сата алмай отыр. Сондықтан анасы маған хабарландыру жасауды өтінді», – дейді Аружан Саин.

Аружан Саинның айтуынша, үй 5 млн теңгеге сатылады. Ол ақшаға қаладан ипотекаға баспана алып, алғашқы жарнасын құймақ.

Аружан Саин Абай ауылындаға 7 жасар балаға көмек керек екенін айтты

«Ауылдағы үйді анасы мен әпкесі 8 жыл жүріп әрең алған. Соңғы тиынына дейін үйге берген. Біз ақша жинап, үй алып бере алмаймыз. Басқа жағын ойластыру керек. Біз тергеу комитеті ретінде зардап шегушілерге құқықтық көмек бере аламыз. Менен баспана мен ақша сұрайтындар көп. Оның бәрін шеше алмаймын. Не істерімді де білмеймін. Бірақ мына баланың тағдырына бейжай қарай алмаймын», – дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР-ның Бас прокуратурасы Түркістан облысы Абай ауылындағы 7 жасар баланың зорланғанын растаған болатын. Кейіннен баланың қорғаушылары бұл іске қатысы бар адамдардың бәрінжазалауды талап етті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау