Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алғаш рет әке атанған Артур Төлепов көпшіліктен дұға жасауын сұрады

Төлеповтардың отбасында үлкен қуаныш. Актер Артур Төлепов алғаш рет әке атанды, деп жазады Stan.kz.

Артур Төлепов алғаш рет әке атанды

Актердің өзі қуанышты жаңалығымен Instagram желісінде бөлісіп, сүйінші сұрады.

Белгілі болғандай, Артурдың жұбайы Мәдина ұл баланы дүниеге әкелген. Олардың тұңғышы 7 айлығында өмірге келіпті. Сондықтан жас әке перзенті үшін дұға жасауды сұрады.

«Сүйінші! Біз ата-ана атандық. Әлхамдуллилах! Періштемізді көктемде күткенбіз негізі. Бірақ 7 айымда да адам болам дегені шығар, бүгін есік қағып келіп тұр. Негізі айтқым келмеген, әлі кішкентай ғой деп. Бірақ көптің тілеуі көл болар дейді ғой, дұғада болыңыздар батырымызға», – деп жазды актер.

Ал Төлеповтың қуанышынан хабардар болған желі қолданушылары жас ата-ананы құттықтап, бауы берік болсын десіп жатыр. Көпшілік актердің тұңғышының деніне саулық, өмір-жасының ұзақ болуын тіледі.

Айта кетсек, Артур мен Мәдина өткен жылдың маусым айында шаңырақ көтерген еді.


Бала көтеру үшін оқылатын дұғалар

Талқылау