Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аршавиннің әйелі қалай тұрып жатқандарын көрсетті (фото)

“Қайрат” клубының футболшысы Андрей Аршавиннің жаңа келіншегі 35 жастағы Алиса Аршавина желідегі парақшасында өзінің және балаларының тұрмысы туралы суреттер жариялады. Аршавин қазіргі кезде футболдағы мансабына байланысты Алматыда отбасынан бөлек тұрып жатыр.

Андрей мен Алиса жақында өмірге келген қыздары Есенияның суретін бірінші рет жариялады. Экс-журналист Санкт-Петербургтегі отбасылық зәулім үйлерінің кадрларын және күйеуі сыйлаған қымбат “Феррари” көлігін де көрсетті.

36 жастағы Андрей Аршавин алматылық “Қайрат” сапында ойнап жүргенде оның келіншегі мен үш баласы (олардың екеуі Алисаның алдыңғы некесінен) жып-жылы Питерде өмір кешуде.

Жақында Алиса 7 айлық Есенияның суретін жариялады. Бірақ желі қолданушылары сәбиге ғана емес, қымбат үйдің көркіне де назар аударған.

Бөлме ортасында алып тас пен үлкен теледидар орналасқан. Бөлме ішінде бос кеңістік көп. Ал көрші бөлмеде керемет жиһаздар сап түзейді. Үстелде шахмат партиясы және кітап. Ал диванда ыңғайлы жастықтар.

Жақында футболшы өзінің сүйіктісіне “Феррари” көлігін сыйлапты.

Алиса сондай-ақ күйеуі екеуі түскен суреттерді де жиі салады. Және үлкен балаларын да жұртшылыққа көрсетуді ұмытпайды.

Еске салсақ, Андрей Аршавин 2015 жылы қараша айында “Қайрат” қатарына қосылған еді.

Оқи отырыңыз:

Головкин «Канеломен» айқасынан кейін P4P-рейтингінде түсіп қалды

Астанада жоғары лауазымды спорт шенеунігі ұсталды

Бақтияр Артаев: Головкиннің соңғы жекпе-жегінде тең түскеніне қуанамын

Футболдан Қазақстан құрамасы Румынияға “Өзбекстан” деген жазуы бар ұшақпен барды (фото)

Талқылау