Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аршавин “Қайрат” сапындағы алғашқы голын салды

Алматылық “Қайрат” ҚПЛ-дың 7-ші туры аясында өз алаңында “Ақтөбені” қабылдап 3:0 есебімен басым түсті.

news_big_3b8178c809f0c7c4b7891bbffa8ff8f3

Сурет ФК “Қайрат”

Букмекерлік кеңселер де бұл кездесуде фаворит ретінде “Қайратты” санаған болатын. Ойын басталғаннан тізгінді өз қолдарына алған, Кахабер Цхададзе шәкірттері алғаш болып 42-ші минутта есеп ашты. Жерар Гоудан пас алған Жарко Маркович баспен соққы бағыттап, Отарбаев қақпасынан саңылау тауып кетті.

Арада бірнеше минут өткен соң-ақ, тағы да Жерар Гоудың әдемі пасының арқасында “Қайрат” жұлдызы Андрей Аршавин өзінің Қазақстан чемпионатындағы алғашқы голын соқты.

Ойынны 93-ші минутында “Қайраттың” украиналық легионері Анатолий Тимощук матч нүктесін қойды. Қосымша минутта Тимощукке капитан Бауыржан Исламхан сәтті пас асыра алды.

Қазір қос команда қоржынында да 8 ұпайдан бар.

Келесі 8-ші турда “Ақтөбе” өз алаңында “Оқжетпесті” қабылдаса, “Қайрат” “Астанаға” қонаққа барады.

Талқылау