Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Арманым орындалды”: Блогер Әсел Асқар омырауын үлкейтіп алды

Белгілі блогер Әсел Асқар арнайы ота жасатып, омырауын үлкейтіп алды. Әнші Бүркіттің қарындасы кеудесіне операция жасату арқылы тағы бір арманына қол жеткізгенін айтты, деп жазады Stan.kz.

Әсел Асқар

“Маммопластика жасау үшін ұзақ ойландым. Барлық артықшылықтары мен кемшін тұстарын саралап, ақырында дәрігер мен емхана іздедім. Үздігін таптым”, – дейді Әсел.

Бұдан өзге, әнші Бүркіттің қарындасы өзін сынайтын жұртқа алдын ала жауап берді.

“Иә, әрине, жан дүниеңді дамыту өте маңызды. Алайда ішкі дүниеміздің көп бөлігі сыртқы келбетімізге де байланысты. Бұл, әсіресе, нәзік жанды әйелдерге қатысты.

Ұялу, өзіңді қабылдамау сияқты толып жатқан комплекстер – өз өміріңе көңілің толмаушылыққа алып келеді.
Қымбатты қыздар, егер де сырт келбетіңіздегі өзгеріс өзіңізге сенімділік сыйлайтын болса, ешкімді тыңдамаңыз. Арманыңызға қарай қадам басыңыз. Мұны шешетін тек қана сіз. Ел не дейді деген сұраққа берер жауабым: Олар қашан да сөйлей береді”, – дейді блогер.

Әселдің айтуынша, әйелдің сұлулыққа ұмтылуы қалыпты нәрсе.

“Себебі әйелдің өзі – сұлулық. Уақыт өте келе табиғат әйелдің энергиясын, жастығын, сұлулығын тартып алады. Алайда нәзік жандылардың барлығы оған мойынсұнғысы келмейді”, – дейді Әсел Асқар.

Бүркіттің қарындасы кеудесін үлкейту арқылы тағы бір арманына қол жеткізгенін айтты.

“Биоимплант қойдым. Ұстап көргенге табиғи сияқты, рентгеннен де көрінбейді. Суықты да қатты сезбейді”, – дейді блогер.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау