Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арманым орындалды: Әли Оқапов марқұм әкесінікіндей көлік сатып алды (видео)

Әнші Әли Оқапов марқұм әкесі Тасқын Оқпаовтікіндей көлікті сатып алғысы келіп, бірнеше жыл бойы армандаған. Алайда артынша 90 жылдары аңыз болған BMW маркалы көлікті іздестіруге кіріскен, деп жазады Stan.kz.

Әли Оқапов

Әли Оқапов өзі қалаған көлікті біраз іздеп, әйтеуір, тапқан.

«Арманым орындалып, армандап жүрген көлігімді сатып алдым. Бұл кездейсоқ таңдау емес. Бұл символизм, құрмет әрі ескерткіш. Дәл осындай көлік менің әкемде болған», – дейді Оқапов Instagram-парақшасында.

Белгілі болғандай, Әли Оқапов 90 жылдары аңыз болған BMW 525 E34 маркалы автокөлікті сатып алыпты. Өз сөзінде ол көлікті жақсы жағдайда сақтағаны үшін, бұрынғы иесіне алғыс білдірді.

Алайда әнші арманын орындау үшін қанша ақша жұмсағанын жасырып қалды.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Али Окапов (@aliokapov)

Айта кетсек, бұған дейін Мәди Рымбаева ағасы Әли Оқаповқа ерекше сыйлық жасаған еді. Ол Әли мен әкесі Тасқын Оқаповтың бір суретте бейнеленген портретін сыйға тартты.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау