Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неткен романтик: Арман жары Ашаның 30 жасына естен кетпес тосынсый жасады (видео)

Аша Матай 30 жаста. Күні кеше меншікті мерекесін атап өткен белгілі тележүргізушіні әдеттегідей алғашқылардың бірі болып күйеуі Арман құттықтады. Аша желідегі парақшасы арқылы Арманның өзіне жасаған сыйын көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Арман жары Ашаның 30 жасына естен кетпес тосынсый жасады (видео)

Арман Қоңырбаев Ашаны таңғалдыру үшін бөлмені жүрек пішіндес шарлармен безендіріп, жерге роза гүлінің жапырақтарын шашқан. Сондай-ақ, романтик күйеу бөлмені Ашаның суреттерімен толтырған. Бұл орайда Ашаның өзі:

“Арман қалжыңдап: – Мен маньякпын, сені соншалықты сүйемін, – деп айтады”, – дейді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

@armankonyr ❤️ #MyBirthday #AAoneLoveKZ

Публикация от Asha Matai❤❤❤❤❤KZ (@asha_matai)

Желі қолданушылары Арманның бұл қылығына қызыға да қызғана қарап, Ашаны туған күнімен құттықтап жатты.

“Аша, Арман екеуің бақытты болыңдар, күшті романтик екен”, “Біздің күйеу шар түгілі гүлдің өзін ұмытып кетеді”, “Асылым көз қуаныштарың болып өсе берсін”, “Енді ұлды болыңыз”, – деп жазды олар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау