Арқалық тұрғыны өз көзімен көрген өзге планеталық жайлы оқиғаны баяндап берді

Дүйсенбі, 4 Шілде , 2016 19:20

Кейінгі кездері ақпарат құралдарында өзге ғаламшарда тұратын тіршілік иелерінің Жерге келіп кеткенін көргендер туралы жиі жазылатын болып жүр.

0_48c550_813f15d1_orig.jpg

Сурет: newsera.ru 

Осындай бір ерекше оқиға жайлы таяуда бұрын Қазақстанның Арқалық қаласында тұрған ресейлік бір әйел айтып беріпті. Татьяна Леонова есімді бұл әйелдің әңгімесі «ЦентрАзия» сайтында жарияланды, деп Замана басылымы хабарлайды.

«Ол кезде мен тоғыз жаста едім, – депті Т.Леонова өзі куә болған айрықша жайды еске алып. – Әкем мал дәрігері болатын. Бірде ол іс-сапарға мені өзімен алып жүрді. Жолда біз Сағынбай есімді таныс шопанның үйіне соқтық. Ол бізді күтіп алып, тамақтандырды.

Дастархан басында Сағынбай әкеме бәсең үнмен бірдеңе айтты, сосын олар орындарынан асығыс тұрып, сыртқа беттеді. Мен де оларға еріп тысқа шықтым. Олар сиыр қораға кірді, сонда мен адамдардың қоршауында тұрған сұр түсті жалаңаш тіршілік иесін көрдім. Оның басы адамдардікінен екі еседей үлкен еді. Сонымен қатар оның үлкен қара көздері бетінің жартысын қамтып тұрғаны есімде қалыпты».

Ал негізі бұл оқиға былай болған екен. Сағынбай түнде ұйқысынан тұрғанда алыстан өзі бұрын-соңды көрмеген бір жарықты байқапты. Сосын атын ерттеп мініп, сол жерге барады. Ал әлгі жерде апандай үлкен шұңқыр пайда болған екен, түбінен бұрқырай түтін шығып жатқан күміс түсті шарға ұқсас зат көрінеді. Ойы он саққа кеткен Сағынбай бұл жерден аман-есенінде тайып тұруды ойлап кері бұрыла бергенде тура алдынан алып жұмыртқаға ұқсас қара тасты көреді.

Бұл не болды екен деп қарап тұрғанда тас ортасынан жарылып ашылады да, одан белгісіз тіршілік иесі шығады. Әлгінің бойы ұзын, ал аяқ-қолдары шидей екен, ол тура Сағынбайға қарай беттепті. Сағынбай ойбайлап тұра қашпапты, оны атына мінгізіп, үйіне апарыпты. Сосын қазақ дәстүрімен төрге отырғызады. Қатты қорыққан әйеліне ет асуды бұйырады. Ал «құрметті қонақ» ет жемейді екен, ол пісіріліп әкелінген тамақтың тек қамырын ғана жеген. Оған әсіресе құрт ұнапты.

Қонақ өзіне залда салынған төсекке жатпапты, түні бойы үстелде көзін жұмып отырыпты. Ал таңертең шопанның әйелі мал дәрігерін шақыру үшін аудан орталығына жолға шығады.

Ерекше оқиға туралы сөз жатсын ба, ол жұрт арасына тез тарап, бұдан әскерилер де құлағдар болып үлгеріпті. Сол күні Сағынбай өз үйіне беттеп келе жатқан әскери «УАЗ» көлігін көреді. Ол жатғаламшарлыққа қауіп төнгенін ыммен түсіндіреді, оны қолынан жетектеп апарып үй алдындағы шөмеленің астына жасырады. Үйіне жетіп келіп, сұрақтың астына алған әскерилерге Сағынбай өзінің ештеңе көрмеген-білмегенін айтып, оларды қайтарып жібереді.

Міне, бұл оқиғаның ұзын-ырғасы осылай екен. Ал Т.Леонова кейін дәл сол күні бүкіл әлем уфологтарын елеңдеткен «Торғай оқиғасы» орын алғанын естіпті.

«Торғай оқиғасы» туралы сол кездегі «Тургайская новь» газетінде жарияланыпты. Жиырма шақты куәгерлердің көрген-білгендері жайлы жазылыпты. Газеттің жауапты хатшысы олардың сипаттауы бойынша әлгілердің суреттерін де салған. Белінде түрлі-түсті белдігі бар қара комбинезон киген әлгілердің бойлары 3 – 3,5 метрдей болған екен. Ал сол күні кешке тұрғындар аспаннан сыры түсініксіз жарқыраған шар көріпті.

…Біз осы оқиға туралы бұрын-соңды ақпарат құралдарында жарияланған деректерді іздестіріп көрген едік, біраз жайлар жөнінде білдік.

Аталған оқиға 1979-жылдың жазында КСРО-ның ядролық қуатының 15 пайызы, континентаралық зымырандары сақталған аса құпия нысандарының бірі – Державинск қаласына таяу жерде орналасқан «Березка» деп аталатын пионерлер лагерінің маңында болған екен. (Державинск кезінде Торғай облысына қараған, бүгінде ол Ақмола облысындағы Жарқайың ауданының орталығы).

Аталған оқиға жөнінде Ресей Уфологтар одағының вице-президенті Анатолий Листратов кезінде былай депті:

«Осы оқиғадан соң әлемде тұңғыш рет жатпланеталықтарды өз көзімен көрген адамдардың сөздері ресми түрде құжаттарға тіркелді. Зерттеу жұмыстарына Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері де араласты».

Осы тексеру-зерттеу жұмыстары кезінде пионерлер өздерінің жатпланеталықтарды қалай көргендерін айтып беріпті. Яғни олар түнде лагерь маңында «костер» жағып отырғанда жандарына бойлары үш метрдей белгісіз тіршілік иелері барған екен. Балалар лагерьге қарай тырағайлап қаша жөнеледі, әлгілер олардың соңынан ереді. Лагерь қоршауының ішіне аман-есен кіріп алғасын балалар ес жиып, батылданып, енді әлгілерді бері кел деп өздері шақыра бастайды. Бірақ олар қорған ішіне кірмепті.

Ал осы күні кешке пионерлер жетекшісі лагерьді тексеріп жүрген кезінде сыртта қалған үстел үстінде отырған бойы 3 метрден кем емес алыпты көреді. Әлгі тіршілік иесі бұған бұрылып қарапты, қатты қорыққан пионерлер жетекшісі оның қызарған көзін ғана есінде сақтап қалыпты. Ал кейін жүргізілген тексеру кезінде әлгінің отырған үстелінің аяқтары жерге 350 килолық салмақпен басылып, кіріп кеткені анықталған.

Жоғарыда аты аталған А.Листратовтың айтуынша, кейін «Техника молодежи» журналына бұл жөнінде хаттар келе бастайды. 1979-жылы осы журнал редакторының орынбасары оған бұл іспен айналысып көруге кеңес береді. Сосын Листратов «Тургайская новь» газетінің жауапты хатшысы Петр Жуковскиймен хабарласады, жатпланеталықтарды көрген адамдардың мекен-жайларын анықтап, олармен сөйлеседі. Державинскідегі құпия әскери бөлім командирінің орынбасарымен де әңгімелеседі. Сөйтіп жұртты шулатқан оқиғаның бос сөз еместігіне көз жеткізеді.

Қысқасы, бұдан 36 жыл бұрын Арқалық жақта осындай бір айрықша оқиға болыпты. Ғалымдар оны ғылым үшін аса құнды оқиға деп бағалапты.

Бұл ғаламда біз сырын білмейтін, біле де алмайтын жайлар әлі де көп-ау өзі.

Жіберіп алмаңыз:

Уфологтар ШҚО-дағы Сібе көліне өзге планеталықтардың жиі келетінін айтады

Астрономдар жат планеталықтардың өз планеталарын қалай жасыратынын түсіндірді

Ғалымдар ғарыштан “жат планеталықтардың” жарқылын байқады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар