Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Археологтардың ашуына тиді: 140-қа жуық баланы құрбандыққа шалып, олардың жүрегін кесіп тастаған

Перуде ХҮ ғасырдың ортасында су тасқынының алдын алу үшін құдайларға құрбандық ретінде өлтірілген балалардың үлкен көрі табылды деп хабарлайды BBS news  сайтына сілтеп  Stan.kz.

Бұл адамзат тарихындағы ең ірі бала құрбандығының бірі: ритуал кезінде 5 жас пен 14 аралығындағы ұл, қыздардан кем дегенде 137 бала өлтірілген, арасында 3 ересек адамдар да кездеседі. Сондай-ақ 200-ге жуық ламалар немесе альпакалар да құрбан болған.

Археологтар қазба жұмыстары маңынан ритуал жүргізгенде қолданатын пышақты тапқан. Барлық айғақ-дәлелдерге қарағанда алдымен балаларды кеуде тұсынан  қатты соққы беріп, өлтірген. Одан кейін құрбанның жүрегін кеудесінен кесіп алған.

Дәл осындай құрбандық жануарларға да жасалған. Инкалардың құрбандық шалу дәстүрі бойынша балаларға алькоголь мен коко ішкізіп барып өлтірген. 

Алайда, үш ересек адамның тағдыры басқаша. Олар бір қабірге жерленген. Бір еркек, екі әйел. Олардың бас сүйегін сындыру арқылы азаптап өлтірген. Құрбандық шалудың салт-жоралғысын орындаудың нұсқасы бар (құрбандыққа шалынған ересек адам, өте бойшаң және физикалық  тұрғыдан дамып кеткен). Бірақ құрбандыққа шалып болған соң ешқандай ритуалсыз мәйіттен құтылып отырған. 

Бір қызығы өлім кезінде Барлық құрбандар тірі болған.ДНҚ сараптамасның нәтижелеріне қарағанда олар ежелгі мемлекеттің түкпір түкпірнен, 1000 км-дегі жағажай бойына дейін барған. Алайда құрбандыққа шалынатын балалардың барлығы бірдей кедей отбасынан деп айтуға еш негіз жоқ.  

Құрбанды қатаң тәртіпте жерлейтін болған: балаларды-арқасымен немесе қырынан, бетін солтүстік-басытқа (теңізге қарай);
ламдарды- басын қарама-қарсы бағытқа тауға қаратып жерлеген. Сонымен қоса балаларды жасына қарай үлкенінен бастап кішісін үштен жерлеген.

Кейбір құрбандарды өлімге арнайы дайындағаны көрінеді: олардың бетіне ашық қызыл киноварьмен бояу жағылған. Ал жасы үлкен балардың басы матамен оралған. 

Молалар құмда қазылған, оның үсті кептірілген балшықпен қапталған, онда көптеген адамдар, иттер мен ламалардың іздері бар. Шамасы, ұзақ уақыт бойы жауған жаңбырдан соң немесе су тасқыны болғаннан кейін рәсім орындалатын болған. Құдайға құрбандық шалу оның ашу ызасын басып, мейірім шапағатына бөлейді деген сенімен туған.

Іздеріне қарағанда, мұнда екі үлкен адамдар тобыры кездескен: бірі солтүстіктен, ал екіншісі оңтүстіктен; үлкендері сүйретпе кисе, балалар жалаң аяқ жүрген. Құрбандық шалып болған соң тобыр өз жолымен жан-жаққа тарқаған.

Құрбандыққа не үшін балаларды ғана таңдағанын ғалымдар әле күнге дөп басып айта алмайды. Тек қана мынадай болжам ұсынады: балалар адамдар әлемі мен рухтар әлемін байланыстырушы және Құдайға сәлемдемені ең жақсы жеткізетін өкілдер деп білген.

Тағы бір болжам: нәрестелер өлімі өте жоғары болған. Туылған  балалардың өте аз бөлігі ғана бес жылға дейін өмір сүрді, сондықтан олар ең құнды құрбан болып саналды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Талқылау