Тұңғышбай ағаның келінісің: Меруерт Түсіпбаева басы дауға қалған Салтанат Бақаеваны сынға алды

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева 50 мың теңге үшін басы дауға қалған әріптесі Салтанат Бақаеваны сынға алды. Өз кезегінде ол әріптесінің әрекеті үшін өзі ұялғанын айтты, деп жазады Stan.kz.

Ардақты Тұңғышбай ағаның келінісің: Меруерт Түсіпбаева басы дауға қалған Салтанат Бақаеваны сынға алды

Естеріңізге сала кетсек, Қазақ эстардасында шырқалып жүрген 100-ден аса әннің авторы, жас ақын Назерке Семей күні кеше әнші Салтанат Бақаеваға ренішін жеткізіп, ұзату тойларында хитке айналған «Әгугәй, құрбым» әнін жазып бергені үшін бір тиын да алмағанын айтқан еді. Алайда Салтанат жас ақынға жауап беріп, “ешкімнің ала жібін аттамадым” деді.

Өз кезегінде әнші мен ақынның арасындағы дауға Меруерт Түсіпбаева араласып, Салтанаттан кешірім сұрауын сұрады.

«Жерлесім, ақын қызымыздың жан айқайын естіп, Салтанат Бақаева үшін ұялып… Кешеден бері кірерге тесік таппай отырмын. 50 мың теңге 100 доллардай ақша ғой. Ұзатудан әншілер қыруар ақша табады. Біреудің адал еңбегін жеген жақсы емес, Салатанат сіңлім. Екеуімізді Машурова олай тәрбиелеген жоқ», – деп жазды Түсіпбаева Instagram-парақшасында.

Өз сөзінде Меруерт Түсіпбаева әріптесі Бақаеваға оның әнші, Халық әртісі Роза Рымбаеваның шәкірті, танымал актер, өнердегі ардегер Тұңғышбай Жаманқұловтың келіні екенін еске салды.

« Сен – халықтың адал перзенті Роза Қуанышқызының шәкіртісің. Ардақты Тұңғышбай ағаның келінісің… Ұят болады… Кешірім сұрап, 50 емес, 150 мың бере ғой», – деп жазды Меруерт Түсіпбаева.

Айта кетсек, бұған дейін танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Салтанат Бақаеваның өтірігін әшкерелеген еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар