Арбаға таңылған “мүгедек” жігіт адамдардың мейірімділігін тексеріп көрді

Сәрсенбі, 28 Қыркүйек , 2016 9:59

Павлодар тұрғыны Артур Руссман адамдардың қайырымдылығын сынап көрді. Ол достарымен бірге мүгедектер арбасына отырып әлеуметтік тәжірибе жасаған.

ымым

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Артур Руссманға мұндай идея досынан келіп түскен. Бірнеше ай бойы оны қалай жүзеге асыратындарын талқылаған. Жәй ғана көшеде тұрып қайыр сұрау бұрынғыдай әсерлі емес. Ақыры олар арбаға отырып тексеруді дұрыс деп табады. Тәжірибе төрт сағат уақытқа созылды. Осы уақыт ішінде олар орындарын екі мәрте ауыстырған. Алайда нәтиже көңіл көншітерліктей емес.

“Мен қазақстандықтарға қорықпаңыздар, мейлінше қайырымды болыңыздар дегім келеді. Егер шынайы көмекке мұқтаж адамды көрсе неге оған қол ұшын бермеске”, – дейді Артур Руссман.

Тәжірибе кезінде тек үш адам ғана қалтасына қол салған. Артур бұл әлеуметтік жобаға қатысқанына өкінбейді. Жас жігіт осыдан сабақ алуымыз керек дейді. Ол алдағы уақытта да мүгедектерге деген қоғам назарын аудару үшін еңбек етемін деп отыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар