Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арбаға таңылған қазақ қызы әлемдік би сайыстарында топ жарған (фото)

Малика Мұхтарова дүние есігін аша салысымен тағдырдың сынағына көніп келеді. Ол тумысынан арбаға таңылған. Айтуынша, анасы босанған шақта дәрігерлер оған “қызынан бас тартуға” кеңес берген.

Арбаға таңылған қазақ қызы әлемдік би сайыстарында топ жарған

Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Кішкентайымнан осылай болдым. Анам ауруханаға түскенде дәрігерлер: “Қызыңыз осылай болып туды, бас тартыңыз”, – деген. Әжеме де, әкеме де айтқан. Бірақ олар бас тартпады. “Біздің баламыз, біз оны ешқашан да тастамаймыз” деген”, – дейді Малика.

Жақындарының қолдауының арқасында Малика ауыз толтырып айтуға болатындай жетістіктерге жетті. Бимен айналысып, халықаралық байқауларда топ жарды.

Арбаға таңылған қазақ қызы әлемдік би сайыстарында топ жарған

“Бірінші үлкен жетістігім – Санкт-Петербург қаласында “Кубок континентов” деген сайыс болған. Сонда үшінші орын алдым. Өте қобалжыдым, өйткені ол мен қатысқан алғашқы халықаралық сайыс. Мықты спортшылар көп болды. Сосын Азия чемпионатына қатыстым. Одан бірінші орын аламын деп ойламадым. Бір емес, 2 бірінші орын алдым. Сенің артыңда көк ту желбіресе, әнұран шырқалса, сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезім. Және де Бельгияда әлем чемпионаты өтті. Сонда екі қола жүлде алдым. Енді Франкрутте болатын сайысқа дайындалып жатырмыз”, – дейді Малика.

Бойжеткен өнерін тастамайтынын айтады. Себебі:

“Өйткені ол маған күш-қуат береді және де басқа елдерге барамын”, – дейді ол.

Арбаға таңылған қазақ қызы әлемдік би сайыстарында топ жарған

Айта кететін жайт, Маликаның ән айтатын қабілеті де бар. Ол бір кездері әнші Әміремен бірге вокалға қатысқан.

Тағы оқыңыз: 

Гүлзира Айдарбекова Қайраттың әндерін ұрлап айтып жүргендерге қатысты пікір білдірді

Қазақстан жұлдыздары халықты Рамазан айының басталуымен құттықтады

Ораза кезінде адам ағзасы қандай өзгерістерге ұшырайды

Ақбота Сейітмағамбет: Жеке өмірімнен хайп жасаймын деген ой болған жоқ

Талқылау